Атырау, 5 мамыр 05:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Қазақстанда 40 тәулікке дейін террорлық қауіптің "сары" түсі енгізілді". "Бұл да «сценарий» секiлдi". "Мәсiмов Airbus-тан 12 млн еуро алған ба?". "«9/11» шабуылынан бері терроризм қалай өзгерді?". "Латифундист Кулагиннің “құпия өмірі"".

2 235 просмотра

ABAI.KZ. "Митингішілер де террористер ме, министр мырза?" - Соңғы күндердегі аласапыран оқиғалар һәм сол жағдаятқа қатысты тараған ресми ақпараттарға қарасаңыз, жаныңыз түршігеді. Сонау Сарыағаштағы ұлтаралық жанжалдан бастап, кешегі митингтерге һәм Ақтөбедегі ланкестікке дейінгі саяси шиеленістердің бәрінің авторы бір-ақ күнде табылды (ҚР ҰҚК өкілі Руслан Карасев осының бәріне бір адам яғни кәсіпкер Төлешов кінәлі деген ресми мәлімдеме жасады. Қараңыз: http://abai.kz/post/view?id=8194. Сонымен, Ақтөбеде жиырмаға жуық азаматтың өмірін жалмаған қанды қырғынды "жасаушылар" (ұйымдастырушы күш) бейбіт митингте не үшін оқ атпағанын халық түсіне алмай отыр.

QAMSHY.KZ. "Қытайлық компаниялардағы қазақ басшылар бар күшін өз қандасын жаншуға жұмсауда" - Ресей, Қытай секілді державалар Қазақстанды тәуелсіздігін кеше ғана алған отар елдердің бірі ретінде әлеуметтік азаттыққа апаратын жолға түскенін қаламайды. Шетелдіктер әр кезде де отар елдерге кіргенде оның байлығына өз үстемдігін ұзағынан сақтап қалу үшін «өкіметтегі өз сыбайластарын» параға сатып алуды мейлінше пайдаланып, бірте-бірте сол елдің экономикалық және саяси жағдайына бақылауды өз қолдарына алуды көздейді. Себебі, жасыратыны жоқ қазіргі кезде қытайлықтар мен билік арасында экономикалық сыбайластық бар. Ол аз болғандай қазақтың өз ішінен шыққан қытайлықтардың өндірісін жүргізіп отырған «орташа бастықтары» бар күш – жігерін, ақыл-білімін қандастарын (жұмысшыларын) езіп-жаншуға, қытайы қожаларының бетіне жел тигізбеуге жұмсайды. Біз мұны мойындауымыз керек. Осындай мақсатпен енген Қытай мен басқа да шетелдік трансұлттық корпорациялар бүгінде бізді бағынышты етіп ұстау үшін өздерінің бет-бейнесін бүркемелеген отаршылдықтың жаңа жүйесін енгізіп жатыр. Бұл экономикалық бұғау қазірдің өзінде қазақ елін қылғындыра бастады.

"Досым СӘТБАЕВ Ақтөбедегі жағдай мен төңкеріс туралы тарап жатқан мәліметтерді «ақпараттық ботқаға» теңеді (видео)" - Тәуекелдерді бағалау тобының директоры Досым Сәтбаев Ақтөбедегі жағдай мен төңкеріс туралы деректерді «ақпараттық ботқаға» теңеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz theopenasia.net– ке сілтеме жасап. Саясаттанушы қазір елде түрлі діни ағымдарлдың радикалдануы орын алып отырғаны, ал, тиісті органдар олармен күресте стратегиялық тетіктерге ие бола алмай қалғанын айтады. Оның ойынша, Ақтөбедегі жағдай – адамдарды саяси мақсаттарға пайдалану.

ZHASALASH.KZ. "Қақтығыс артында кiм тұр?" - Ақтөбедегi атыс екiншi күнге ұласқанда билiк бұл сұрақтың жауабын айтты. Қарулы қақтығыстың от көсеушiсi – Тоқтар Төлешов екен. Оның сыбайластары есебiнде бiрнеше адам қамауға алынды. Олардың арасында бұрын бiр облыстың iшкi iстер департаментiн басқарған генерал да, бас прокурордың бұрынғы орынбасары да, тiптi қазiр әскери қызметiн атқарып жүрген командирлер де бар. Бұл тiзiм әлi де жалғасуы бек мүмкiн. Қақтығыстан 21 адам көз жұмып, 38 адам жара­лан­ған. Атыс толық тоқтады деп әзiрге ешкiм нақты айта алған жоқ. Тiптi 40 тәулiкке дейiн Қазақстанның барлық аумағында террорлық қауiптiң “сары" түсi жарияланды. Мiне, iркес-тiркес өтiп жатқан осы оқиғалар Ақтөбедегi атысты бұрынғы терактiлерден мүлде бөлектеп тастады.

"Бұл да «сценарий» секiлдi" - Қош, сонымен не болды? ҰҚК баспасөз қызметiнiң өкiлi Руслан Қарасаевтың айтқанына сенсек: “Тоқтар Төлешев мырза өткен жылдан берi билiктi зорлықпен басып алуға дайындық жұмыстарын жүргiзген. Шиеленiс ошақтарын құру, наразылық акцияларын өткiзу және жаппай тәртiпсiздiктердi ұйымдастыру арқылы елдегi жағдайды тұрақсыздандыруға тырысқан. Осымен қатар Т.Төлешев үкi­меттiң өзiндiк баламасын жасап-жоспарлаған және қазiргi үкiметтiң құрылымын өзгерткiсi келген. Атырауда, Астанада, Алматыда, Оралда, Қызылордада болған жер реформасы бойынша наразылық акцияларын Т.Төлешевтiң 2015 жылдың желтоқсанында-ақ жоспарлап қойғаны және қаржыландырғаны туралы бiзде дәлелдер бар...".

"Мәсiмов Airbus-тан 12 млн еуро алған ба?" - Франция прокуратурасы аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсiбiндегi француз-герман бiрiккен алып кәсiпорын – Airbus Group басшылығына қатысты бiрнеше тексеру жүргiзуде. Компанияға қатысты жемқорлық дауы туралы жазған француздың Mediapart интернет басылымы француз қаржы прокуратурасы Airbus компаниясының Қазақстандағы әрекеттерiнiң заңдылығын тексерудi 2013 жылы бастағанын хабарлайды.

AZATTYQ.ORG. "Сарапшылар Ақтөбедегі шабуылдарды түрліше бағалайды" - Кей сарапшылар маусымның 5-і күні Ақтөбеде қарулы топтың қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге шабуылдары және полициямен қақтығысын «діни экстремистік топ әрекеті» десе, енді бірі оқиғаға әсер еткен басқа да факторларды атайды.

"«9/11» шабуылынан бері терроризм қалай өзгерді?" - Қыркүйектің 11-і (9/11) АҚШ-қа жасалған жойқын шабуылды ұйымдастырды деген Халид Шейх Мұхаммед пен оның төрт сыбайласының сот тыңдауы мамырда қайта басталды. 2003 жылдан бері Гуантанамо абақтысында отырған олар АҚШ-тың күдіктілерге қатысты әрекеттерін сынаушылардың басты тақырыбына айналғалды.

SERKE.ORG. "Тоқтар Төлешов қазақ тілінің дамуына қарсы болған" - Таяуда Бас прокуратурада Тоқтар Төлешовтің ісінің мән-жайы айтылған баспасөз мәслихаты өткен еді. Онда ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасев шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің "Қазақстанда билікті зорлықпен құлатуға" дайындалғанын мәлімдеді. Айтуынша, оның әрекеттерінің жоспары елдегі жағдайды шиеленіс ошақтарын құру, наразылық акцияларын және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру жолдарымен тұрақсыз етуге негізделген. Айта кетейік, Төлешов 2016 жылы қамауға алынған болатын.

"«Араша» ақ пен қараны ажырата ала ма?" - Жер дауына қатысты қамауға алынғандардың құқығын қорғайтын «Араша» комитеті құрылды. Комитетке Евгений Жовтис, Рысбек Сәрсенбай, Гүлжан Ерғалиева, Ермұрат Бапи, Жарылқап Қалыбай, Әміржан Қосанов, Маржан Аспандиярова, Жанболат Мамай, Амангелді Шорманбаев, Расул Жұмалы және Инга Иманбай кіріпті. Аталған белсенділер құқық қорғаушы бола ала ма? Олардың жер мәселесі бойынша митингіге шақырғаны немесе оған қатысқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылғандарды қорғауға моралдық құқы бар ма? Комитет мүшелерінің жұрттан жасырып отырған түпкі мақсаты не? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

KORRESPONDENT.KZ. "Қазақстанда 40 тәулікке дейін террорлық қауіптің "сары" түсі енгізілді" - 40 тәулікке дейін Қазақстанның барлық аумағында террорлық қауіптің «сары» түсі жарияланды. Бұл туралы еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.

NUR.KZ. "Қытайлық мафия серкесі түрмеден шыққанын дүркіретіп атап өтті" - 52 жастағы қытай мафиясының серкесі Чен Юз (Cheng Youze) бостандыққа шыққанын дүркіретіп атап өткені соншалық, осы әрекеті үшін қайта қамауға алынды.

DALANEWS.KZ. "Латифундист Кулагиннің “құпия өмірі"" - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің өзі мен туыстарына тиесілі 80 мың гектар жері бар. Ол мұны бүгін Көкшетауда өткен Жер комиссиясының кезекті отырысында Мұхтар Тайжанның сұрағына байланысты өз аузымен айтты. Соның бәрін игеріп отыр ма, жоқ, жалға алып, өзгелерге жалға беріп отыр ма, ол жағы белгісіз. Оның жері мұнан да көп болуы мүмкін. Кейбір деректерде Кулагиннің жері миллион гектарға таяу екені айтылады. Бізде шенеуніктер дүние-мүлкін өз аттарына жазбайды.

TENGRINEWS.KZ. "ІІМ өкілдері WhatsApp арқылы таралып жатқан суреттерге қатысты түсінік берді" - "Біздегі мәліметтерге сүйенсек, шабуыл жасағандар - дәстүрлі емес діни ағымның радикалдары. Олардың барлығы еліміздің облыстары мен қалаларының тұрғыны. Таратылып жатқан суреттерге келсек, олардың ішінде, болжам бойынша, шабуылға қатысқандар да, ұйымдастырушылар да бар", - деді ҚР ІІМ өкілі Алмас Сәдубаев. Айта кетейік, бұл суреттерді қазақстандықтар WhatsApp арқылы таратып жатыр.

7 маусым 2016, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.