Атырау, 27 қараша 17:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Митингте бата берген белсендінің үйін тінту

Толықтырылды
3 356 просмотра

Image 0Құбайдолла Шолақ. Сурет "АЖ" мұрағатынан24 мамыр күні өткен митингке қатысушы, Атырау тұрғыны Құбайдолла ШОЛАҚ (алаңда бата берген адам) 11 мамыр күні оны Атырау облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына шақырып жатқанын айтқан болатын. Алайда, ол шақырту қағазында өзінің аты-жөні қате жазылғандықтан онда бармаған.

Кеше, 19 мамыр күні ол бізге телефон арқылы үйінің ауласында полиция жүргенін хабарлады. Бірақ, ол аулаға шықпаған соң, полиция да біраздан соң кетіп қалған. Ол мұның алдында прокуратураға 21 мамыр күні митингке шығатынын жазбаша түсініктемеде жазып кеткенін айтады.

Ал бүгін, 20 мамыр күні полиция тағы келіп, сот қаулысы негізінде тінту жүргізіп жатқанын хабарлады. Полицейлердің айтуынша, олар "заңға қайшы затты" іздеуде.

Редакциядан: Қазіргі уақытта митингке қатысушы Әлібек МҰСАҰЛЫНЫҢ үйін тінту жүріп жатыр, белгісіз адамдар оны алып кеткен. Қамауға алынған Талғат АЯННЫҢ ата-аналарының үйін тінту жүргізілуде.

Айнұр САПАРОВА

20 мамыр 2016, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.