Кешегі бұршақ аралас нөсер кезінде Атырауға
1-16 мамыр аралығында жауған жауын-шашындар айлық нормадан 3 есе көп. Айдың екінші жартысы да, Қазгидрометтің болжамына сәйкес, жаңбырлы болмақ.
Қаладағы он мектеп түгелдей жазғы лагер орынжайлары етіп әзірленді. Тамақтандыру мәселесі шешілді, қажет болған жағдайда, қауіпсіз жерлерге көшірілген тұрғындарға панажай ұсына алады.
Алайда үй қожайындары баспаналарын тастап кеткісі келмейді және биліктен тек бір нәрсені – тезірек суды тартып шығарса деп өтінеді. Атырау қаласында осы проблема қозғалмаған бірде бір аудан қалмады. Әсіресе, Сарықамыс тұрғындарына, Куйбышев пен Гагарин көшелерінің тұрғындарына ауыр тиіп отыр. №№ 1, 5, 11 және т.б. мектептер суға кетті. Аулалардағы суларды түні бойын тартып шығарды, алайда жағдай жақсармай тұр.
Қалалық әкімдік шұғыл мәліметтері бар ресми ақпаратты сәл кейінірек ұсынуға уәде беріп отыр.
Сағат 16.30-да сейсенбіде қалалық әкімдікке суға кеткен үйлерден зардап шеккен тұрғындардан 163 шағым, сондай-ақ, қауіпсіз жерге көшіру туралы өтінішпен 9 шағым түскен. Судан зардап шеккен тұрғындарды қабылдау үшін жеті мектеп: Абай атындағы, №2, 30, 27, 21, 7, 12 мектептер әзірленді.
Нөсер салдарын жою үшін және апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қаладағы шұғыл әрекет ету жасағы бөлімшелерінің, сондай-ақ, қаладағы ірі кәсіпорын күштері мен құралдары жұмылдырылды. 27 бірлік арнайы техника, үш мотопомпа және басқа техникалар жұмыс істеуде.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН.