Атырау, 26 сәуір 10:54
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі: «Митинг белсенділеріне қатысты ешқандай іс қозғалған жоқ». Атырау қаласының прокуроры Р. Құттықов: «қылмыстық істер ашылған да жоқ»

Шұғыл Толықтырылды
5 368 просмотра

«АЖ»-ға Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА хабарлағандай, Атырауда Исатай мен Махамбет алаңында өткен митингке қатысушы Макс БОҚАЕВҚА, Талғат АЯНҒА және басқа белсенділерге ешқандай сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан жоқ.

- Рұқсат етілмеген митинг өткізу фактісі туралы ешқандай әкімшілік өндірістер де, қылмыстық істер де қозғалған жоқ, - деді Г.Мұхтарова. – Азамат Боқаевқа, Аянға және басқа митингке қатысушыларға қатысты Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни араздықты немесе алауыздықты қоздыру» бабы бойынша іс тіркеліпті деп кейбір республикалық БАҚ-тар хабарлаған ақпарат шындыққа сай келмейді.

Естеріңізге салсақ, 24 сәуірде Атырауда Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ ҚР Жер кодексіндегі өзгерістерге қарсы рұқсат етілмеген митингке қатысушыларға олардың бірде біреуін билік қудаламайды деп уәде берген болатын.

P.S. Қала прокуроры Руфат ҚҰТТЫҚОВ та редакциямызға осы сұраққа қатысты түсінік берді.Оның айтуынша, «нақты тұлғаларға», яғни, сегіз белсендіге қатысты ешқандай іс жүргізіліп жатқан жоқ екен. Олардың қатарында бізге тек қоғам белсенділері Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯННЫҢ ғана есімдері белгілі. – Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілетін қылмыс бұзушылық белгісі бар кез-келген факт, кез-келген құқықбұзушылық дереу Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне (СТБТ – орталықтандырылған дерекқор) тіркеледі. Сіздер атаған тұлғаларға қатысты мұндай тергеу ісі тіркелген жоқ және тиісінше басталған жоқ, - деді қала прокуроры.

Азамат МАЙТАНОВ

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

26 сәуір 2016, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.