Атырау, 21 желтоқсан 03:24
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

​Макс БОҚАЕВ: «Бірде-бір шам сынған жоқ...»

6 320 просмотра

Биліктің тыйым салғанына қарамастан, тіпті, белсенділерін жекелей қатерсіз ету әрекеттеріне қарамастан Атырауда шетелдіктерге жер сату және жалға беруге қарсы митинг өтті.

Естеріңізге салсам, Исатай-Махамбет алаңына наразылық білдіруге шығу ниеттері туралы өтінішті Талғат АЯН мен Макс БОҚАЕВ барлық ережелер бойынша белгіленген күннен 10 күн бұрын берген еді. Алайда өтініштері қабыл алынбады. Бұл туралы фейсбуктегі парақшаларында хабарлаған олар қалай болғанда да 24 сәуірде сағат 14.00-те алаңға барып, өз наразылықтарын білдіретіндіктерін айтқан болатын.

Бұл жазба тек Талғат Аянның өзінің парағында 2000-нан астам репост жинады. Бірнеше күннен кейін оларға қалалық прокуратураға келуді өтінді. Ол жерде қала прокуроры Руфат ҚҰТТЫҚОВ оларға қандай да болмасын тыйым салынған акцияларға жол бермеу туралы ескерту табыс етті.

- Біз ешқандай тыйым салынған акцияны жоспарлап отырмағанымызды, азаматтық наразылығымызды білдіргіміз келетінін, Конституцияда осындай құқығымыз бар екенін айттық, - деді Боқаев.

Келесі күні оларға тергеушілерге шақырту қағазын табыс еткен. Оларды куәгерлер ретінде облыстық ІІД-ге 24 сәуірде сағат 12-де жауап алуға шақырған. Естеріңізге салсам, бұл күні сағат 14.00-де олар наразылықтарын білдіру акциясын жоспарлаған еді.

- Бізді қандай іс бойынша шақыртқанын білмедік, ешқандай ақпарат болмады. Тек бүгін ІІД-нен бізге қарсы 174-ші бап бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталғанын білдім. Тек Аян екеумізге ғана емес, әлеуметтік желілерде әлдебір үндеулер таратқаны үшін деп, тағы алты адамға қатысты тергеу ісі басталыпты. Мен адвокатсыз жауап беруден бас тарттым, олар оны іздеуге кетті де бір жарым сағаттан соң адвокатсыз келді. Содан соң, үйлеріңізге бара беруге болады деді, - дейді Боқаев. - Митинг бұл уақытта қызып жатқан еді. Бұл оған қатысушылардың бірнеше рет «Максты босатыңдар!» деп ұрандатуы салдарынан жасалды деп ойлаймын. Мен оларға қатты ризамын.

- Облыс әкімі Ноғаев митингіге шығушылардың қысымымен бірде-бір қатысушы қудалауға түспейді деп уәде берді. Бұл уәде сіздің сегізіңізге де қатысты ма?

- Митингіде адамдар бірнеше рет осы жайтты нақтылады, мен қауіпсіздік кепілдігі туралы оның уәделерінің арасында біз де бармыз деп үміттенеміз. Уақыт көрсетеді. Бірақ алаңнан шыққанда мені әкелген жолдасымның көлігінің артынан жеке нөмірдегі «Шкода» көлігі ілесіп, жету нүктесіне дейін біздің ізімізден еріп отырды.

- Алаңға облыстың түкпір-түкпірінен бірнеше мың адам келді. Тіпті, кейбір мәліметтер бойынша, Қазақстанның басқа өңірлерінен келген. Кейбір есептеулер бойынша 4000-ға дейін болыпты. Көпшілігі, соның ішінде сырттай үй шаруасындағы қарапайым әйелдер арандатушылықтың болуы және биліктің күш қолдануы мүмкін екенін айтып жатты. Өйткені Жаңаөзеннің жаңғырығы әлі есте. Өз басым адамдардың телефонмен «әзірге бәрі тыныш» деп айтып жатқандарын естідім.

- Түсінесіз бе, шынымен де біздің шыдамымыз шегіне жетті. Үкіметтің осынау қолапайсыз әрекеті - бұл жерді тезірек жалға беріп, купондарын қиып алып, Сингапурда немесе Дубайда тұрғылары келген латифундисттердің тілегі ғана. Халық мұны крепостнойларды жерлерімен бірге сатқан патша заманындағы тәжірибе ретінде, қазір де бізді осылай сатқысы келеді деп бағалады.

- Бүгінгі тәжірибенің басты құндылығы, менің пікірімше, бұл бейбіт нәтиже - мұндай акциялар көбінесе зорлық-зомбылықпен ұласады.

- Сіз байқаған шығарсыз, сөз алғандар бетпердемен келгендерді, тіпті қара көзілдірік киіп келгендерді үнемі шыдамды әрі сабырлы болуға шақырумен болды. Біз жүзін ашып көрсетуді немесе кетуді, сондай-ақ, алаңнан балаларды алып кетуді өтіндік. Ал сол жерге арнайы немесе кездейсоқ тап болған ішкен адамдарды митингіге шығушылардың өздері топ ортасынан алып кетті. Мен осындай саналылық танытқан біздің адамдарымызға ризамын. Бірде-бір шам, бірде-бір бөтелке сынған жоқ. Мұндай ауқымдағы акция бізде алғаш рет өтіп отыр. Бірақ адамдар дайын болып шықты. Мемлекеттік органдарға біздің халықты бағаламаудың жөні жоқ.

Әділдік үшін айта кету керек, ашық қақтығысты болдырмау ниеті екіжақты болды. Халықты сабырлылыққа және түсіністікке шақырған облыстық әкімдіктің ұстанымы айқын сезілді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

24 сәуір 2016, 23:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.