Атырау, 22 мамыр 00:36
 ашықВ Атырау +23
$ 441.80
€ 480.02
₽ 4.88

Экс-полицейдің ісі: "Қылмыскер 26 жарақат салған"

Сурет
3 760 просмотра

15 сәуірде Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында Дмитрий КИМДІ өлтірді деп айыпталған экс-полицей Манарбек ӨТЕУОВТІҢ ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Сот куәгерлерден жауап алуды жалғастырды.

Куәгер ретінде облыстың арнайы прокуроры Алмат БАХРИДЕНОВТЕН (суретте) жауап алынды.

Прокурорға зардап шегушінің - Кимдер отбасының қорғаушысы - адвокат Жанаргүл СҮНДЕТҚАЛИЕВА сұрақ қойды.

– Осы қылмыстық істерді тергеу кезінде кімдердің телефон нөмірлеріндегі әңгімелер тексерілді?

– Сізге бұл істің көптеген эпизодтардан тұратындығы белгілі. Әйелдер тонауға қатысты эпизодтарды тергеу үшін, Өтеуовтің өз басшылығына, соның ішінде ІІБ аға жедел уәкілі ШАЛТЕНОВКЕ ҚҰРБАНБАЕВТЫҢ әрекеттері туралы баяндағаны жөнінде жауаптары бойынша Шалтеновтің, Өтеуовтің және Құрбанбаевтың телефондарындағы әңгімелердің егжей-тегжейін сұрастырдық.

– Ал марқұм Дмитрий Кимнің телефоны ше? Оның ағасы Михаил КАННЫҢ айтуынша, "Дина" базарында Дмитрийдің көлігінен құжаттар салынған сөмке ұрланғаннан кейін оған біреу телефон соққан. Сол күні Дмитрийдің көлігінің жанында тұрған кәсіпкер ЕРМҰХАНОВТЫҢ да көлігін тонап кеткен.

– Телефон әңгімелерін талдап тексеру ұзақ процесс. Бұған 3-4 ай кетеді. Біз үшін айыпталушылар арасында қандай әңгімелер болғандығы маңызды болды. Михаил Каннан өтініш кейінірек түсті.

– Өтеуовті ұстағаннан кейін оның барсеткесінен түрлі заттар шықты, соның ішінде Дмитрийдің фотосуреттері болды. Біреуі "жаңа", жазғы, екіншісінде - үстінде свитері бар. Соңғы фотосурет ұрланған құжаттар арасында болды. Ол Өтеуовтің қолына қалай түскен? Сотталушылар бұл қылмысқа ұзақ дайындалған деген күдік туындайды. Зардап шегуші тарап Өтеуов пен Құрбанбаевтың Кимнің құжаттарын ұрлауға қатыстылығы туралы тергеу жүргізу керектігі туралы арыз берді.

– Мұндай арызды көрген жоқпын. Бәлкім, Кимнің ағасы қазір солай топшылап отырған шығар.

– Өтеуов Дмитрий Кимді өлтіргені туралы өз кінәсін бірден мойындады ма?

– Жоқ. Бірақ айғақтардың салмағымен биылғы жылдың қаңтарында мойындады.

Судья Гүлмира ДӘУЛЕТОВА марқұмның денесін сот-медициналық тексеру нәтижелерін оқып шықты. Ким отбасының мүшелері көздеріне жас алды (Егжей-тегжейі, тіпті сараптаманың құрғақ тілімен суреттелсе де, сұмдық, сондықтан оларды баяндамаймыз).

«Дмитрий Александрұлы Кимнің өлімі ауыр, өмір үшін қауіпті санатқа жататын, бұл жағдайда, өлімге әкелген кеуде қуысының алдыңғы бөлігіне түйрелген-кесілген жарақат нәтижесінде көп қан кету... Оң жақ өкпесінің жоғарғы бөлігінің зақымдалуы мен жүрек қабын тесіп өткен жарақаты... салдарынан орын алды. Сонымен қатар мойында түйрелген-кесілген жарақат түрінде дене жарақаттары бар... Бұдан басқа, терең емес түйрелген-кесілген жарақаттар түрінде дене зақымдары бар. Олар - 19 - кеуде қуысының алдыңғы сыртында....".

Сот-медициналық сарапшы Сержан СИДЕШОВТЕН жауап алынды (суретте).

Сот процесінің прокуроры Рамазан КАМЕЛ:

– Зардап шегушінің денесінде қанша жарақат болды?

– Барлығы 26 жарақат пен сыдырылған екі жарақат. Зерттеп тексеру кезінде мүрде шіріп бұзыла бастаған. Терінің бөліну процесі жүрген. Мұндай жағдайда қанталау мен сыртқы жарақаттар анықталмауы мүмкін.

Ж. Сүндетқалиева:

– Бұл жарақаттар қанша уақыт бойы салынған?

– Айта алмаймын. Жүректі зақымдаған түйреу-кесу жарақаты салынғаннан кейін қан тез кетеді. Мұндай жағдайда адам тез есін жоғалтып, өледі.

– Сіз Кимге 19 терең жарақат салынды дедіңіз. Олардың салыну тереңдігі қандай?

– Бір жарымнан екі жарым сантиметрге дейін...

– Өлімші қылар соққы алдында қылмыскер Кимді осылайша азаптаған деп жорамалдауға бола ма?

– Терең емес бұл жарақаттардың қандай мақсатпен салынғанын айта алмаймын.

Михаил Кан:

– Дима, оған соққылар жасалған кезде ауырсынуды сезінді ме?

– Адам, тіпті саусағын кесіп алса да ауырсынады ғой...

– Ол қатты азап шегіп, жарақаттары жанына батты ма?

– Оған көптеген жарақаттар салынды. Әрбір жарақат - бұл азап, жанға бату.

Дыбыссыз жылаған М.Канның жұбайы Жаннат ЖҰПАРОВА шыдай алмай сөз сұрап, залдың артқы орындықтарында отырған Өтеуовтің туыстарына қарап:

– Мұны Өтеуовтің анасы мен әкесі қалай тыңдап отыр? - деді.

Судья оның сөзін бөліп, тыныштыққа шақырды.

Одан кейін Өтеуовтің көлігіндегі қан іздерінің шайындысынан сот-биологиялық сараптама жасаған сарапшы ДӘРІБАЕВАДАН жауап алынды,

Д.Ким мен оның өлтірушінің қан тобы бірдей - үшінші екендігі және оның Өтеуовте қан жоғалту болмағандықтан, оның қаны екендігін жоққа шығаруға болатындығы анықталды.

Прокурор Өтеуовке сұрақ қойды:

– Өткен жылдың тамызында сізде жарақаттар болды ма?

Бұл сұраққа сотталушы жоқ деп жауап берді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

16 сәуір 2016, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.