Атырау, 29 қараша 05:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Самал жанармай құю бекетіне қарсы

Сурет
2 877 просмотра


Самал-1 және Самал-2 ықшамаудандарының тұрғындары үйлерінің дәл жанынан жанар-жағармай құю кешенін салуға қарсы. Біріншіден, кешен екі ықшамауданның ортасында созылып жатқан және Бейбарыс орталық даңғылына апаратын жолды жауып тастайды.

Жер алынған бойда тұрғындар алдында балшықты күндері қалаға қалай жетуге болады деген проблема тұрды. Асфальтталған жол құрылысын күтпестен, адамдар орталық асфальтқа өз қаржыларынан жол салуға кірісті. 11-ші көшенің дәл ортасына үлкен жанармай құю бекеті салынбақшы екенін білген самалдықтар «Гелиос» компаниясына, қалалық әкімдік пен прокуратураға арызданды.

9 сәуірде әлі құрылысы басталмаған жерде аяқ астынан жиналыс өтті.

- Жаңа кешен 11-ші көшені түгелдей жауып тастайды, мыңдаған тұрғын Самал-1 мен Самал-2-ден шыға алмайды. Бізге салынып жатқан жұқпалы аурулар ауруханасының ғимаратына дейін жолсызбен шығып, тек сол жерден ғана асфальтқа бұрылуға тура келеді. Өздеріңіз көріп отырсыздар, 11-ші көшемен өтетін өткел басқаларынан кең – өйткені бастапқыда бұл жерде жоба бойынша жол салу жоспарланды. Екіншіден, осы көшенің бойына орталық кәріз жүйесі жүргізілуі тиіс болатын. Енді олар мұны қалай жүргізетінін білмеймін, егер тек аурухана жақтан немесе әуежай маңынан болмаса. Сәулет бөлімі жол салу үшін баламалы көше ұсынуға тиіс. Өрт сөндірушілер, төтенше жағдай қызметі, жедел жәрдем бізге қалай жетпек? Бұл ешбір стандарттар мен нормаларға сәйкес келмейді. Біз «Гелиос» компаниясына шағымдандық. Олардың құжаттарының бәрі баяғыда, 2011-2012 жылдары мақұлданған екен. Ал құрылыс салуға және сараптамаға рұқсат алу үшін олар, неліктен екені белгісіз, жақын маңдағы тұрғын үй учаскелері болмаған жоспардың көшірмесін пайдаланған, - дейді Самал-1 ықшамаудан тұрғыны Аслан АСҚАРОВ. Құрылыс орны оның үйінің дәл іргесінде тұр.

«Гелиос» ЖШС АФ құрылыс жөніндегі менежері Талғат АҒИСОВ тұрғындармен жүздескен кезде жанармай құю бекеті, дүкені, резервуарлары бар үлкен кешен көшені түгелдей жауып тастайтындығын жоққа шығармады. Бірақ өз дәлелдерін келтірді:

- 2011 жылы жеке тұлғадан жанармай құю бекетін салу мақсатында 1,25 гектар жер телімін сатып алдық, Ол кезде бұл жерде ешқандай жол да, үйлер де болған жоқ. Барлық инстанциялардан өттік, СЭС, сәулет, экология, ТЖ, «Қазақтелеком», «Атырау Жарықтан» қорытынды алдық. Жұмыс жобасы әзірленіп, құрылыс салуға рұқсат алынды.

- Егер бұл жанармай бекеті болса, демек, экологиялық заңнамаға сәйкес, жобалау кезеңінде қоғамдық тыңдау өткізу керек еді. Неліктен ешкім біздің келісімімізді сұрамады? Біз әкімдікке, сотқа барамыз. Кез-келген рұқсатты, кез-келген құжатты кері қайтарып, заңсыз деп тануға болады. Бізде бұл жерде асфальтталған жолдар мүлдем жоқ. Таңертеңнен кешке дейін өтіп жүрген жалғыз ғана жол осы, енді мұны да жауып тастағысы келеді, - деп наразылық білдірді тұрғындар.

Қалалық әкімдіктің ұстанымын қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қуанышбек МАҚАШЕВ айтып берді:

- Екі апта ішінде біз компанияның бүкіл құжаттарын тексеріп, шешім қабылдауды міндетімізге аламыз. Әрине, осы мерзім ішінде кез-келген құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылады.

Тараптар 22 сәуірде осы жерде кездесуге келісіп тарасты.

Самал-1 ықшамауданының тұрғыны Асылан АСҚАРОВҚалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қуанышбек МАҚАШЕВ



11 сәуір 2016, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.