Атырау, 4 мамыр 10:43
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Облыс әкімі ТШО бас директорымен кездесті

2 326 просмотра

Атырау облысының жаңа әкімі Нұрлан НОҒАЕВ өңір үшін негізгі құрылымдардың басшыларымен танысуды жалғастыруда. 6 сәуірде ол «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Тед ЭТЧИСОНМЕН кездесу өткізді.

Атап айтқанда, Ноғаев ТШО жобасындағы қазақстандық қамту үлесін көбейту қажеттігін атап өтті: айтылған мәліметтер бойынша, 2015 жылы ол тауарларды сатып алуда – 5,9 пайыз, жұмыс бойынша – 50,9 пайыз, қызметтер бойынша – 50,8 пайызды құраған.

Отандық компаниялар әзір, олар жұмыс жасағылары келеді, бұл мәселелерді келешекте шешуіміз керек, - деді ол сұхбаттасушысына.

Сонымен қатар, ол ҚР заңнамасының бүкіл экологиялық талаптары мен келісімшарт міндеттемелерін сақтауға шақырды.

Компания қызметкерлерінің біліктілігін көтеру жұмыстарын жалғастыру қажет, бұл маңызды мәселе. Маған сіздің саласыңыз жақсы таныс, біз жұмыс бойынша тіл табысамыз деп үмітенемін, - деді Ноғаев.

Тед Этчисон Нұрлан Ноғаевты тағайындалуымен құттықтады. Жеке кездесуге шақырғаны үшін алғысын білдіріп, өзара түсіністікпен жұмыс жасауға үміттенетінін жеткізді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

7 сәуір 2016, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.