Атырау, 29 қараша 03:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Балабақша сыйлады

7 191 просмотра

Алматылық кәсіпкер Мағау МЕРҒАЛИЕВ Құлсарыда 165 орындық балабақша салды. Балабақша Құлсары қаласы әкімдігіне тапсырылмақ. Оның құрылысына 800 млн теңге жұмсалды.

Құрылысты «Капстройгрупп-т» ЖШС жүргізген. Үш жылға дейін кем-кетігі шығып жатса, мердігер қалпына келтіріп отырмақ.

Кәсіпкер Құлсарыда балабақша салуды көптен ойлап жүрген. Мағау бала күнінде Құлсарыдағы балабақшада бірнеше жыл бала күтушісі болып еңбек еткен анасына арнап балабақша салып беруге уәде берген. Сол уәдесінде тұрды. Балабақша құрылысын бастарда ол бір ғана шарт қойған - бұл балабақшаның атауын «Анашым» деп қою. Оның өтініші орындалды.

«Анашым» балабақшасы жақында алғашқы балаларды қабылдамақ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

31 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.