Атырау, 18 мамыр 17:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Атырау облысын кім басқарады?

4 658 просмотра

– Барлық мәселелеріңізді екі-үш күнде шешемін деп сөз бермеймін, үлгергенше жасаймын, үлгермегенімді келесі әкім орындайды, - деп таяуда Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ 2012 жылдың тамызынан бастап билік еткен уақыттағы жұмыс қорытындысы мен ағымдағы жылдың міндеттері бойынша өткізілген есептік жиналыстың соңында мәлімдеген еді.

Наурызда парламентке оралатындығына оның өзі де күмәнданбайтын секілді. Лауазымын тапсыру кезінде оның қызметіне кім және қандай баға беретіндігі – енді маңызды еместей. Қазіргі басты мәселе – оның орнына кім келеді? Біздің бейресми ақпаратымыз бойынша, бұдан бұрынырақ қазіргі команда шефтің басшылығымен оның бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВТЫҢ сол ғимараттағы қызметтік кабинетін анағұрлым кең кабинетке ауыстыруы үшін бар күшін салған. Құпия түрде бас тартылған соң «жоғарыға» басқа ұсыныстармен шыққан: Дүйсембаевты Батыс Қазақстан облысына әкім етіп жіберу мүмкін бола ма? Ал, БҚО әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫ – Атырау облысының басшысы ету ше? Қандай айырмасы бар? Көршілер ғой... Айтпақшы, бір кездері БҚО-да Ізмұхамбетовтің бұрынғы бірінші орынбасары болған Ноғаев енді облысымызда оның орнын басуы әбден мүмкін.

Еліміздің жоғарғы заң органындағы біздің облысымыздың бірден-бір белсенді және әрекетшіл өкілі сенатор Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВТІҢ де (бұл жолы Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімінен түсіп қалған жігерлі Айгүл СОЛОВЬЕВАНЫ қоспағанда) бұл орынға отыруға мүмкіндігі бар. Айтпақшы, атыраулық «ақ үй» Еңсегеновке жақсы таныс – 2000 жылдары ол облысқа Аслан МУСИН басшылық еткен кезде оның орынбасары болды. Бірақ ұмытыла бастаған бұл жағдай жоғары лауазымға сенатор кандидатурасын қарастыру кезінде теріс рөлге ие болуы мүмкін.

Үшінші шефінің қол астында жұмыс істеп келе жатқан Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай ТҰРҒАНОВТЫҢ та бір орында отырып қалғаны анық. Атырауда Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВТІҢ тұсында ол өзін қала әкімі лауазымында жақсы көрсете білді. Сондықтан көпшілік оны қазіргі қорғаныс министрінің командасында деп есептесе, жаңылысады. Іс жүзінде едәуір қатал әрі харизмалық жетекші Тұрғанов – марқұм Нұрлан БАЛҒЫМБАЕВТЫҢ үзеңгілесі.

Бізге әкім етіп кімді тағайындайтынын, әрине, бәрімізге белгілі бір адам ғана шешеді. Жергілікті тұрғындардың тілегі оның ұсынысымен сәйкес келе ме екен? Оны жақын арада 20 наурыздағы сайлаудан кейін білетін боламыз. Ал әзірге 2015 жылғы 25 тамыздағы біздің сайтымыздағы сауалнама нәтижелерін еске салайық:

Image 1

Өз ақпаратымыз

2 наурыз 2016, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.