Атырау, 26 сәуір 09:42
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Прокуратура шекарашылардың неліктен героиннің ірі партиясын таппағанын анықтайды

2 144 просмотра

Ресейлік шекарашылардың 33 келі героин табу фактісі бойынша Батыс өңірі әскери прокуратурасы қозғаған қылмыстық тергеу ісі уақытша тоқтатылды. Бұл туралы батыс өңірінің әскери прокуроры Жанболат АЕКЕНОВ жыл қорытындысы бойынша өткізілген брифингте хабарлады.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың 15 қазанында Аксарайск теміржол станциясында ресейлік шекарашылар «Душанбе-Мәскеу» пойызы вагондарының бірінен 33 келі героин салынған жасырын жерді тапқан болатын. Ал бұл вагонды одан бұрын Ганюшкинде еш кедергісіз қазақстандық шекарашылар тексеріп шыққан еді («Ресейліктер қайдан іздеу керектігін білді ме?»).

- Бұл пойыз Қазақстан аумағына Бейнеу станциясы арқылы кіріп, «Ганюшкин» өткізу қосыны арқылы шықты. Ресейлік тарапқа арнайы қызметттен есірткінің ірі жүгі келе жатқаны туралы ақпарат түскен. Бұл айдан анық еді, өйткені олар бірден №10 «героин салынған» вагонды қосалқы жолға қойып, оны бөлшектеп кесе бастаған. Басқа вагондарға тимеген. Бұл орын қазандықтың артқы жағындағы вагонның металл қаптамасынан табылған. Яғни, тасымалдау үшін бұл жүкті алдын ала дайындаған, - деді Аекенов. – Іс Ресейдің құқыққорғау органдарынан жетіспейтін материалдар алынғанға дейін уақытша тоқтатылды. Тек осыдан кейін ғана батыс өңірінің әскери прокуратурасы қазақстандық шекарашылардың әрекетіне баға беретін болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 ақпан 2016, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.