Атырау, 7 мамыр 09:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Ресейліктер қайдан іздеу керектігін білді ме?

2 472 просмотра

«АЖ»-ға белгілі болғандай, «Ганюшкино» шекара бекеті арқылы «Душанбе – Мәскеу» халықаралық пойызы вагондарының бірінде жасырылған жалпы салмағы 33 келі героиннің ірі партиясы еш кедергісіз өтіп кеткен. Есірткі заттар Астрахан шекара бекетінде табылған. Бұл туралы шекарашылар бір-екі күн бұрын ғана хабардар болған.

Осы оқиғаға түсінік беру үшін біз Батыс өңірінің әскери прокуроры Жанболат АЕКЕНОВКЕ хабарластық.

- Бұл туралы нақты ақпараттарымыз жоқ, өйткені жүк Ресейде табылған, - дейді Ж. Аекенов. – Астрахан шекара бекеті бастығының орынбасарынан Ақсарай-Железнодорожная станциясында «Душанбе-Мәскеу» халықаралық пойызының №10 вагонының қаптамасынан үш жасырын орын табылып, сол жерде жалпы салмағы 33 келі ақ түсті, героин тектес есірткі орамалары жасырылғаны анықталды.

- Иә, шынымен де, 15 қазанда бұл пойыз біздің «Ганюшкино» тексеру бекеті арқылы өтті. Пойыз РФ мемлекеттік шекарасы арқылы кететін болғандықтан тексеріліп қаралды. Шекарашылар қырағылығын жоғалтпас үшін кезеңдермен жаттығу ретінде жалған орамалар салынып, алдын алу іс-шаралары өткізіледі. Шекара органдарының хабарламасы бойынша, барлық орамалар табылып отырған. Ганюшкино бекетінде пайдаланылатын қызметтік-іздестіру иті гарнизондағы ең үздік жануарлардың бірі. Оқу-жаттығу іс-шаралары кезінде ол жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Алайда тұтас пойыздың қандай болатынын білесіздер, онда қаншама вагондар бар, алысқа жүретін пойыздарда түрлі иістер де болатыны белгілі. Мұндай жағдайда иттерге жұмыс жасау қиын. Вагондар көп болған сайын, іздеу сапасы да азаяды. Сондықтан бұл жағын түсінуге болады. Тексеріп қарау технологиясы бойынша өз әдістемелері бар, қаптамаларды ашып, іздейді. Өткізіп жіберулеріне қарағанда, вагон қаптамаларындағы осындай жасырын орындарды таба алмаған болуы керек.

Әрине, бұл жерде тексеріп қарауды жүргізген шекарашылардың жауапкершілігі туралы мәселе қозғалады. Алайда біздің бейресми деректеріміз бойынша, ресейлік шекарашылар оперативтік ақпараттар бойынша әрекет еткен. Дәл сол 10-вагон бойынша нақты оперативтік іс-шаралар жасалғанын, оны алдын ала қоршауға алғанын да білеміз.

Сол 10-вагон күрделі жөндеуден өтіпті, яғни, бұл есірткі тасымалы алдын ала дайындалғанын болжауға болады. Біздің деректеріміз бойынша, пойыз қозғалар алдында жолсеріктерді де өзгерткен. Зауыттан жасалған құпия орын болғандықтан, оны таба алмауы да түсінікті. Бұл факт бойынша қылмыстық тергеу жүріп жатыр.

Біздің шекара бекеті арқылы ірі көлемдегі героин партиясының осылай өтіп кетуі бірінші рет болып отырған жоқ деген уәжімізге Аекенов былай деді:

- Иә, мұндай оқиғалар болды, алайда жиі болады деп айту дұрыс емес. Біз РФ-ға баратын жолаушылар ағынына талдау жасаймыз, биыл 2014 жылға қарағанда 3 есе өсті, ал шекарашылар штаты сол күйінде қалды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

26 қазан 2015, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.