Атырау, 9 мамыр 02:15
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

«Түркия – РФ. Орыстілді БАҚ ойбайлап жатыр». «Ресей мен Түркия жанжалы: әлемдік БАҚ не дейді?».«Кеңес Одағынан неге әлі қорқып жүрміз?». «Е-конфренция: Әміржан Қосанов». «Жұмекен – ғұмыр». «Сарапшы: "Мәселе – мазхабта емес, діни түсінікте"».

2 800 просмотра

ABAI.KZ. «Е-конфренция: Әміржан Қосанов» - Abai.kz ақпараттық порталы жүргізген e-Конфренция өз мәресіне жетті. Конференция қонағы, саясаткер, қоғам қайраткері Әміржан Қосанов мырза оқырманның сұрақтарына толығымен жауап берді.

«Түркия – РФ. Орыстілді бақ ойбайлап жатыр» - Ресей ұшағының атып түсірілуіне байланысты дау-дамайдың ерекше ушығып тұрған жайы бар. Аталған оқиғаға байланысты біздің орыстілді баспасөз қашанғы әдетімен көршімізді ашықтан-ашық қолдап отыр.

«Ресей мен Түркия жанжалы: әлемдік бақ не дейді?» - Әлемдік сарапшылар ресейлік СУ-24 бомбалаушы ұшағы түрік әуе кеңістігіне кіріп кетіп, оны атып түсіргеннен кейінгі басталған мемлекетаралық жанжалдың соңы әлемді жаңа соғысқа итермелеп отырғанын айтады.

«Кеңес Одағынан неге әлі қорқып жүрміз?» - Қазіргі Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола облысының аумағында,ресми құжаттарға қарағанда 1929-31 жылдар аралығында Қазақстанда 372 шаруалар көтерілісі болған. Бұл соғысты«Созақ, Қарқара, шаруаларкөтерiлiсi» деп сан-саққа жүгіртеміз. Шындығында«Кеңес Одағына қарсы көтеріліс»деп неге тарихқа солай жазбаймыз.

AIKYN.KZ «Ұлтты тәрбиелеген Ұлы аналар» - Ұлтты тәрбиелеген Ұлы аналар Бесікке бөлей алмайтын, бесік жырын білмейтін заман келген секілді. «Әже әлдиін естіп өскен ұрпақтың соңы біз болдық па?» деген қауіпті ой ұялайды бізге.

«Жұмекен – ғұмыр» - Қолымызға тиіп отырған бұл кітап есті естеліктердің жинағы десек те болады. Қазақтың көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденов туралы жазылған естелік кітаптың авторы – ақынның жары Нәсіп Мұстахқызы Нәжімеденкеліні.

«Әлем және апат» - Соңғы жылдары табиғаттың тосын мінез көрсетуінен жер шарының белгілі бір бөліктері ғана емес, тұтас әлем зардап шеге бастады.

ULT.KZ «Шыңғыс ханның Орталық Азияны жаулау кезіндегі діни саясаты» - Орталық Азия мен Дешті-Қыпшақ кеңістігінде ХІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде тарихи ұлы өзгерістер орын алды.

QAMSHY.KZ «Құнсыздық синдромы» - ...Ненің белгісі?.. Өзімде бұған жауап жоқ: құдайдан қорықпау ма, бір-ақ рет берілетін өмірді бағалай алмау ма, тіршілікті тәрк етіп, түңілу ме, әлде, адамның ішкі жан-дүниесінің кедейленіп, азғаны ма, жоқ, ақырзаманның белгісі ме?..

NAMYS.KZ «Мұстафа Шоқайдың хаты» - Қымбаттым, міне екі ай бойы біздің комиссия лагерлерді аралауда. Екі миллион тұтқын болады деп жоспарлаған немістердің түрмелерінде адам саны үш жарым миллионнан асып кетті.

NUR.KZ «Қазақстандағы ең бай әйелдер кімдер?» - Қазақстанның ең бай адамдары туралы әңгіме болса, көпшілік бірден қалталы ер кісілерді елестете бастайды.

AZATTYQ. ORG «Сарапшы: "Мәселе – мазхабта емес, діни түсінікте"» - ҚМДБ өкілі жарты мыңдай адамның «радикалды райынан қайтып, ханафи мазхабына оралғанын» хабарлады. Сарапшылардың пікірінше, діни радикализмнің күшею себебін әуелі іштен іздеу керек.

ALASHAINASY.KZ «Париж лаңкестерінің қару-жарақты қайдан алғаны белгілі болды» - 13 қараша күні Парижде бірнеше теракт ұйымдастырған лаңкестер шабуыл кезінде қолданған автоматтарын Германиядан Интернет арқылы тапсырыс беріп алған, - деп хабарлайды РИА Новости неміс ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

«Төрелерді не себепті "Алтын ұрық" деп атаған?» - Белгілі түрколог-тарихшы Н.Кенжеахметтің пікірінше, түркілер дәуірінде ашинас және ашидақ сынды екі хандық тұқым мемлекетті бірігіп басқарған. Осы тұқымнан тараған билеушілер ғана өздерін қаған деп жариялай алған. Бұл нәсілден емес билеушілер ябғу атағын иеленген.

«Ақтөбеде әкімдік жиынына келген шенеуніктер ұйықтап қалды» - Ақтөбеде шенеуніктер облыстық әкімдік отырысы кезінде ұйықтап қалды. Отырыста бағаның көтерілуі мәселесі талқыланып жатқан. Іс шарадағы фотоны жергілікті басылым жариялаған.



27 қараша 2015, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.