Атырау, 9 мамыр 04:40
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Тұлғалардың өзара келісімі керек

2 378 просмотра

– Заңды тұлғалардың жеке тұлғалардан қарыз алуына бола ма? Және жеке тұлғалар қарыз бойынша сыйақы алуға құқылы ма? Мұндай қарыз беру қандай жағдайларда қолданылады?

Телефон арқылы

Сауалға адвокат Гүлсім САБИРОВА жауап береді: «Заңды тұлғалардың жеке тұлғалардан ақша алу қажеттілігінің туындауы тәжірибеде аракідік кездеседі. Ол үшін түрлі құрылымдар – «уақытша қаржылық көмек», «өтеусіз қаржылық көмек», «құрылтайшылардың уақытша жарналары» қолданылады. Егер ақшалар қайтару және жеделділік негізінде тартылатын болса, онда ондай келісімдер жасалған шартта қалай аталғандығына қарамастан қарыз болып танылады.

Заңды тұлғаға қарыз заңды тұлғалардың қатысушылары - директор немесе басқа да қызметкерлердің, сондай-ақ, үшінші тұлғалардың қатысуымен ұсынылуы мүмкін. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, егер қарыз шарты ЖШС директорын сыйақы төлеуге тартатын болса, онда ондай шарт қатысушылардың (бірден-бір қатысушы)  жалпы жиналысымен бекітілуі тиісті.

Мұндай қарызға тарту ақша айналымдарын толықтыру, жасалған келісім бойынша төлемдер төлеу немесе оның басқа да бережақтарын өтеу мақсатында болуы мүмкін. Қарызға тарту себептері: заңды тұлғалардың өздерінде ақшаның болмауы, заңды тұлғаға ақшаны тұрақты негізде (мәселен, жарғы капиталын көбейтуге) беруге құлықсыздық, артық салық төлеуден жалтару (жеке тұлғаларда заңды тұлғаларға  мүлікті өтеусіз, қайтарымсыз беру барысында салық салынатын табыс пайда болады).

Сыйақы төлеу арқылы қарыз беру шындығында мүмкін нәрсе. Азаматтық кодекстің 715-бабы, 3-тармағына сәйкес заңды тұлғалар мен азаматтарға кәсiпкерлiк қызмет ретiнде азаматтардан заем түрінде ақша тартуға тыйым салынады және мұндай шарттар олар жасалған кезден бастап жарамсыз деп танылады.

Бұл тыйым салу заемшылар депозиттер қабылдауға уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы бар банктер болған жағдайларда, сондай-ақ шығарылуы заңдарда белгiленген тәртiппен тіркелген бағалы қағаздарға ақшаны айырбасқа қабылдау жағдайларында қолданылмайды.

Бұл норма заңды тұлғаға қандай жағдайда да жеке тұлғадан оған  сыйақы төлеу арқылы жүзеге асатын қарыз алуға тарта алмайтын көзқарастың пайда болуына негіз бола алды. Мұндай ұстанымды бұрындары түсінік беру барысында салық органдары ұстаған еді.

Алайда, аталмыш тыйым азаматтарды және түрлі «қаржы пирамидалары» ұйымдарын алаяқтықтан қорғау мақсатын көздейді. Азаматтардан қарыз түрінде және кәсіпкерлік қызмет түрінде ақша тарту, басқаша айтар болсақ, ол халықтан сыйақымен бірге депозиттерді қабылдау, сондай-ақ, банк операциялары болып табылады және лицензияны талап етеді. Бүгінгі күні бұл шектеулер қарызды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру тәсілі ретінде кең қолданылады.

ҚР Азаматтық кодексінің 10-бабы, 1-тармағына сәйкес, кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiк құқығына (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады. Бұдан кәсіпкерлік қызметтің тұрақты және жүйелі екендігі аңғарылады. Бұдан ақшаны қарызға кәсіпкерлік қызмет мақсатында емес, тіпті, сыйақы үшін алуға тыйым салынбайтындығын түсінуге болады. Бір реттік немесе дүркін-дүркін қарыз алу кәсіпкерлік ретінде қаралмауы мүмкін және қарыз шартын заңсыз деп тануға жол бермейді. Бүгінгі күні мұндай ұстаным салық органдарында бар.

Заемшы-заңды тұлғалар үшін салық салдары: қайтарылуға тиісті қарыз сомасы заемшының табысы болып танылмайды және соған сәйкес, өтеусіз алынған мүлік ретінде жылдық жиынтық табысқа енгізуге жатпайды. 

Қарыз шарты бойынша сыйақы төлеу қарастырылған заем беруші-жеке тұлға 10% бағамы бойынша төлем көздерінен жеке кіріс салығын салуға тиісті табысын алады. Бұл жағдайда заңды тұлға салық агенті ретінде әрекет етеді. Қарыз беруші қарыз алушы-заңды тұлға қызметкері болып табылатындығына қарамастан табысына салық салынады:

- Қызметкердің табысы;

- ҚР заңнамаларына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша  жеке тұлғалардың табысы.

Сондай-ақ, сыйақы төлемінсіз қарыз алу мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда берілген заемшы-заңды тұлға үшін өтеулі қарыз шартына ұқсас қайтарылатын заем сомасы заемшы-заңды тұлғаның табысы болып танылмайды, соған сәйкесті жылдық жиынтық табысқа жатпайды.  Бүгінгі күні салық органдары заемды операция ретінде қайтарым негізінде пайызсыз қаржы көмегін ұсынуды қарастыруда және оны өтеусіз қызмет көрсету деп есептейді.

Жеке тұлғаға келетін болсақ, егер оның табысы болмаса, онда ешқандай салық міндеттемелері туындамайды».

9 қараша 2011, 19:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.