Атырау, 26 сәуір 17:19
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Кішкентай Расулдың ажалына кінәлі табылмады

2 037 просмотра

Нұрсая ықшамауданында 8 жасар баланың жылу желісінің тас жабындысының астына түсіп қаза болуы фактісі бойынша қылмыстық іс «қылмыстық құрамы болмағандықтан» жабылды.

Естеріңізге салсақ, қайғылы оқиға үстіміздегі жылдың 9 сәуірінде №7 үйдің маңында орын алды: жылу желісінің тас жабындысы ойнап жүрген 8 жасар Расул АЛПЫСБАЙДЫҢ үстіне құлап, алған жарақаттардан бала қайтыс болды Баланы бетон жабынды басып қалды» мақаласын қараңыз). «Абайсызда ауыр зардаптар әкелген немқұрайлылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«...Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің қызметтік актісі қорытындысы негізінде жұмыс беруші, бұл жағдайда «Атырау қаласының тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС, жұмыс жүргізу кезінде еңбек заңнамаларын бұзбаған. Осыған байланысты іс-әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамының жоқтығынан іс өндірісі тоқтатылды»,- деп түсінік берді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

Анастасия ПАСТУХОВА

18 тамыз 2015, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.