Алматы. 23 маусым. ҚазТАГ - Америка арнайы қызметінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды.
Хабарланғандай, Э.Сноуден бүкіл алемдегі ақпараттық коммуникацияларды американдық арнайы қызмет жаппай бақылап отыратындығы туралы құпия ақпаратты ашқаны үшін «Журналистік зерттеу» аталымының лауреаты деп жарияланды.
Еске салсақ, АҚШ-та Э.Сноуденге құпия ақпаратты жариялағаны үшін айып тағылған болатын. Ол БАҚ-қа Американың ұлттық қауіпсіздік агенттігінің электронды аңду бағдарламасы туралы құжаттарды ұсынған, ал 2013 жылдың маусымында АҚШ-тан Гонконгқа қашып кеткен. Ол жақтан Мәскеуге ұшқан, мақсат - Ресей астанасы арқылы Эквадорға жету. Алайда ол РФ аумағында қалып қойған, себебі АҚШ билігі оның төлқұжатының күшін жойған. Э.Сноуден Мәскеудегі Шереметьево әуежайының транзиттік аймағында айдан астан уақытын өткізді.
Оған уақытша пана ұсыну туралы шешім негізінде ол бір жылға жуық уақыт Ресейде болған. Ол рұқсаттың мерзімі 2014 жылдың 1 тамызында аяқталды. Сосын Э.Сноуден үш жыл мерзімге РФ-да тұруға рұқсат алды.
Дереккөз: ҚазТАГ