Атырау, 29 қараша 06:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Тұрғын үйде газ жарылды (толықтырылды)

3 586 просмотра

Атырау облыстық ТЖ департаментінің хабарламасы:

"23 мамырда Астана уақытымен сағат 8.55-те Шамин көшесі (Жилгородок) бойындағы №3а үйдің тұрғынынан газ жарылысының орын алғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына 15 адамнан тұратын ТЖД мен "Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі" ММ басшылығы мен жедел тобы жетті. Оқиға орнына сағат 9.07-де жеткен кезде алғашқы ПЧ-2 өрт сөндіру бөлімшесі пәтерде табиғи газдың кетуі салдарынан газ атылып, салдарынан бір адамның зардап шеккенін анықтады.

Құтқарушылар жеткенше 1990 жылғы азамат Нығметов Төлеген "жедел жәрдеммен" облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесіне денесінің 90 пайызын шалған 3-ші дәрежедегі күйікпен жеткізілген.

Газдың жарылу себебі анықталуда. Оқиға орнында облыстық ІІД жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда".

Біз оқиға орнында болып қайттық. Шамин көшесінің бойындағы газ жарылған 4 қабатты тұрғын үй Жайық жағасында, жаңа ауланған балық сататын нүктенің жанында орналасқан. Үйдің әйнектері сынған. Аумақ турникеттермен қоршалған, полиция ешкімді үйге жібермеуде. Тұрғындардың бәрі сыртқа шығарылған, олардың бір бөлігі туыстарына кеткен, бір бөлігі аулада қалған. Біздің көзімізше олардың қасына қалалық ТЖ департаментінің басшысы Михаил ХЕГАЙ барып, тұрғындарға жатақханаға түнеп шығуды ұсынды, бірақ адамдар бас тартты.

Сәулет-құрылыс бақылау департаментінің басшысы Қуаныш МҰХАМБЕТҚАЛИҰЛЫ бізге үйдің деформация алғанын хабарлады. Ғимарат күрелуге тиесілі-тиесілі еместігі жөніндегі қорытындыны арнайы комиссия қабылдайды. Алыстан үйдің бүйір жақ шетіне түскен жарық көрініп тұр.

Біздің телефон қоңырауымызға облыстық ауруханадағылар зардап шегуші Т.Нығметовтің жағдайы ауыр екенін айтты.

25 мамырдағы ахуал бойынша оның жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шегуші ішкі істер департаментінде инспектор болып жұмыс жасайды. Таңертең газ атылған кезде ол үйде бір өзі болыпты, жұбайы жұмыста болған, 2 жасар баласын соның алдында туыстарына апарып тастаған екен. Оқиға себебін ІІД анықтау басқармасының қызметкерлері анықтауда. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА хабарлағандай, ІІД мен ҚІІБ қызметкерлері әріптестеріне көмектесу үшін қан тапсыруда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 мамыр 2015, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.