Атырау, 19 сәуір 16:05
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Көршінің бірқазандарынан құс тұмауы табылды

2 135 просмотра

Image 0Көрнекі сурет. Pilar Olivares/ReutersБұдан бұрын хабарланғандай, 15 сәуірде тікұшақпен аралап ұшу кезінде Құрманғазы ауданының Қиғаш өзені сағасынан 70 өлі бұйра бірқазан табылды. Оның екеуі сараптамаға жіберілді, қалғандары өртелді.

Облыстық табиғат қорғау прокуратурасы хабарлағандай, құстардың қырылу себебін тергеумен Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы, Микробиология және вирусология иституты мен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының мамандары айналысуда. Олар әзірге өз қорытындыларын жария еткен жоқ.

Ал сәуірдің аяғында Ресейдің БАҚ-тары Астрахан облысының Икрянинск ауданындағы бұйра бірқазандардан H5N1 типті құс тұмауы вирусының анықталғаны жөнінде хабарлады.

Ал облыстық табиғат қорғау прокуратурасы 29 сәуірде «Ақжайық» резерватына кіретін Шалыга аралынан 3 өлі қара мойынды шағала мен 1 суқұзғынның табылғанын хабарлады. Материал зерттеуге жолданды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 мамыр 2015, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.