Атырау, 2 мамыр 14:42
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​7 жасар бала қазылған шұңқырға түсіп кетіп, көз жұмды

3 247 просмотра

7 жасар бүлдіршін батып кеткен септикОқиға орныТағы бір құдық құрбандығын күтіп тұр

2 мамырда қала маңындағы Құрсай поселкесінде жеті жасар бала көршінің септигіне батып кетті.

Қаза болған баланың туыстары мен көршілерінің айтуынша, ол көрші көшелердің бірінде тұратын репетиторға кеткен. Бүлдіршін әдеттегіден ұзағырақ кешіккен соң, анасы іздеуге шығады. Ол іргелес көшелердің бәрін жүгіріп айналып келіп, қайтадан баласының жүретін жерін шарлап шығады. Сөйтіп көрші үйдің лас сулары құйылатын құдықтың ашық жатқан қақпағының жанынан баласының арқа қоржынын көреді. Қорқынышты күмән расталады. Анасы өз қолымен ұлын шығарып алып, оншақты метр жердегі үйіне жеткізеді. Ересектер баланы қолда бар құралдардың бәрімен тыныс алдырмақ болады, бірақ өте кеш еді.

Отбасы тұңғыштарынан айырылды, кішкентай Әлиханның 4 жасар қарындасы қалды.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА қайғылы оқиғаға қолданыстағы талапты бұзып, жеке ауланың аумағынан тысқары және қауіпсіздік нормалары бұзылып салынған септик қожайындарының сорақы жауапсыздығы себеп болды деп есептейді. Шындығында, көршілердің айтуынша, бір аулаға салынған екі үлкен екі үйдің лас сулары құйылатын септик, қазіргі жағдайда - көшеде тереңдігі 2 метрей тереңдікте қазылған шұңқырдың ернеуі үлкен автошинамен көмкерілген, ал қақпақтың орнына ағаш дөңгелекпен жабылған.

Кейбіреулер баланы ештеңемен бекітілмеген қақпақтың шетінен басып қалып, өз салмағымен ішіне түсіп кеткен шығар деп жорамалдайды. Бәлкім, сол күні оның беті ашық қалып (көз көргендер оның үстіндегі ракушеблок кесегі мен ескерту лентасы қайғылы оқиғадан кейін пайда болғанын растайды), бала оған әлденесін түсіріп алып, оны алмақ болған шығар...

Қайғыдан қан жұтқан отбасы әзірге ешқандай шағым, соның ішінде қылмыстық іс қозғау туралы арыз берген жоқ. Бүлдіршіннің өлімінің себебін егер тағайындалатын болса, тергеу ісі анықтайтын болар. Алайда, Атырау қаласының маңындағы бұл аумақ миналы алаңға ұқсайды, дәлірек айтқанда, осы жақтағы барлық балақайларға арналған септик алаңы деуге болады. Қайғылы оқиға болған жерді іздеп жүріп, мен Құрсайдың дұшпандар бомбалап кеткендей ойлы-қырлы көшесінен әлдебір қаңылтырдың, шифердің кесектерімен, тақталармен болар-болмас жабылған ондаған сасық иісті шұңқырларды көрдім. Елсіз көшелерден тәй-тәй басқан жалғыз-жарым жүрген сәбилерді көруге болады. Бұл жерде көлік жолдары жоқ, сондықтан адамдар балалары үшін аса қауіптене қоймайтын болуы керек. Ал беттері нашар жабылған шұңқырлардан, шамасы, қауіпті байқамайтын секілді. Меніңше, лас сулар құйылған шұңқырлары бар осы көшелерден қас қарая жаяу серуендемек түгілі, көлікпен күндіз жүрудің өзі қорқынышты. Кішкентай Әлихан тұрған Құбаш Мұқашұлы көшесінен кейінгі көшеде ешқандай белгісі жоқ, қоршалмаған және жабылмаған құдық үңірейіп тұр. Оның люгі көптен бері жоқ болса керек. Қызық, коммуналдық қызметкерлер оның бар екендігінен хабары бар ма екен? Ауласына көз тастадым (бұл маңда жеке құрылыс қарқынды жүргізілуде, сондықтан бұл жерде аулалардың көпшілігі әлі дұрыс дуалдармен, тиісінше қақпалармен жарақталмаған), ол жерді балабақша деуге болады, 2-4 жастағы он шақты бала ойнап отыр екен. Құрылыс материалдары үйілген аулада кішкентай бүлдіршіндер салынып бітпеген үйдің маңында жүр, ал ауланың алдында әлгі құдық тұр.

Ал көрші көшеде қисынсыз әрі өте қорқынышты өліммен қаза болған сәбиді жерлеу рәсіміне әзірленуде.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

3 мамыр 2015, 22:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.