Атырау, 26 сәуір 15:16
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

1 қаңтарға дейін дөңгелек ауыстыру керек-2

5 475 просмотра

Біздің «1 қаңтарға дейін дөңгелек ауыстыру керек» деген жарияланымымыздан кейін жүргізушілерде бірнеше сұрақ пайда болды.

БАРЛЫҚ ТӨРТ ДӨҢГЕЛЕК ТЕ

«Менің көлігімде барлық маусымда қолданылатын тегершіктер бар, мұнымен айыппұл салынбайды деп еркін жүре аламын ба?»; «Қыста халық арасында «липучка» деп аталатын фрикцилық қысқы тегершіктермен жүруге бола ма?»; «Қаржылық жағдайымның қиындығына байланысты тек екі қысқы тегершік ауыстыруды жоспарлап отырмын. Бұл ереже бұзушылық емес пе?»; «Жүк көліктерінің де тегершігін ауыстыру керек пе?».

Сауалдарға ІІД-нің әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Асылбек БОРАНБАЕВ жауап береді:

- Тегершіктер не жазғы болады, не қысқы болады. Егер сіз айтқан барлық мерзімде қолданылатын дөңгелектердің протекторы 4 миллиметрден кем болмаса, олар қысқы болып есептеледі. Бұл «липучка» деп аталатындарға да қатысты.

Төртеудің орнына екі қысқы тегершік салу – бұл ереже бұзушылық. Жүк көліктеріне келетін болсақ, оларға да жеңіл көліктерге қойылатын талаптар қолданылады.

 

«ӨЗ ҚАУІПСІЗДІКТЕРІҢІЗ ҮШІН ҒОЙ»

Қазақстанның Кедендік одаққа кіруіне байланысты автокөліктерді пайдалану бойынша жаңа талаптарға жүргізушілер қалай қарайды? Біз мұны білу үшін Атыраудағы автомобилистердің ең үлкен қауымдастығы - «Drive2» ұйымына кіретін қалалықтар арасында сауалнама жүргіздік.

- Келісемін, өйткені, бұл менің ғана емес, өзге де адамдардың қауіпсіздігі ғой. Алайда, мені қынжылтқаны - жол полициясының мұны өте кеш жариялағаны. Осы қысқа уақытта көлігімнің дөңгелегін ауыстыру үшін қарызға ақша алуға тура келді, мерекелер болса, келіп қалды, - дейді Nissan Primera көлігінің 32 жастағы иесі Анатолий.

- Ерегіскенде, әдейі ауыстырмаймын, айыппұл салар ма екен, көреміз... -дейді KIA иесі Рустам.

-Меніңше, бұл - бюджет жыртығын жамаудың кезекті тәсілі, - деді AUDI 80 иесі.

- Көліктің техникалық жағдайын заң шықпаса да қадағалау керек. Өз машинамда шегелері бар қысқы тегершік кешені бар. Біздің коммуналдық қызметтің жұмыс сапасына байланысты тек «липучкамен» жүру мүмкін емес – бұл факт, - деп тұжырымдады келесі жүргізуші.

«Дөңгелектер арзан емес, бір данасы 14 мың теңгеден жоғары, сонда бір көлікке 56 мың теңге кетеді. Жүк көліктері иелеріне не болмақ? Оларға 6 дөңгелек қажет, әрқайсысының бағасы 27 мың теңгеден басталады, яғни, 162 мың – үш айлық жалақы. Жеке өзіме келетін болсам, мен еліміздің заңнамалық саясатына риза емеспін. Бұл қоқысқа байланысты заң сияқты, алдымен қарапайым адамдарға миллиондаған айыппұл салды, содан кейін ғана қоқыс салатын сауыт орнатты», - деп комментарий жазды «Ақ Жайықтың» аноним оқырманы.

Тағы бір комментарий: «Жалпы -5 градус салқындықта қысқы резина салу керек, өйткені, жазғы тегершік қатып қалады да, жабысқыш қасиетін жояды. Ал, қар жауса, не болады... Бірде жазғы дөңгелекпен қар жауғаннан кейін дөңгелек ауыстыру станциясына бардым: 500 метр жерге сағатына 10 шақырым жылдамдықпен жүрдім, мұз үстінде жүргендей. Содан бері қыста тек қысқы тегершікпен жүремін. Бір рет 12 мың теңгеден сатып алдым, міне, төрт жыл болды, протекторы еш желінбеген».

Дегенмен, жол полициясы тегершіктердің маусымға сәйкес келмеуі 1 қаңтардан бастап көлік ақаулары тізбесіне кіріп, оларды пайдалануға тыйым салынатынын тағы бір ескертті. Сонымен қатар, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза да қарастырылған. 

Анастасия ПАСТУХОВА

18 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.