Атырау, 19 сәуір 10:33
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қазақстан Үкіметі мен Солтүстік Каспий консорциумы құпия келісімге қол қойды

2 968 просмотра
Сенбіде, 13 желтоқсанда ҚР үкіметінің Қашаған жобасының операторы NCOC-пен, сондай-ақ, СКӨБК (Солтүстік Каспий Өнім Бөлінісі туралы Келісім) қатысушы компанияларымен кездесуі өтіп, әлдебір Келісімге қол қойылды.  
Қол қойылған Келісімнің шарттары туралы ешқандай егжей-тегжей хабарланбайды. Компанияның сайтында жарияланған NCOC-тың ресми баспасөз хабарламасында: "Бүгін Қазақстан Республикасы, НКОК және СКӨБК Консорциумының серіктестері соңғы бірнеше жыл бойы қордаланып келген бірқатар өндірістік, қаржылық және экологиялық мәселелерді реттеді. Келісімге 2014 жылғы 13 желтоқсанда Астана қаласында Энергетика министрі және НКОК Операторы мен СКӨБК Консорциумына кіретін компаниялардың өкілдері қол қойды. Келісім шарттары құпия. 
Үкімет пен СКӨБК қатысушылары арасында бұрын келіспеушілік тудырған мәселелер бойынша келісімге келу - барлық тараптардың Қашаған кен орнындағы өндірісті барынша қысқа мерзімдерде қауіпсіз түрде қайта жандандыруға жұмыла кірісуіне мүмкіндік беретін үлкен жетістік. 
Қашаған кен орны соңғы қырық жыл ішінде ашылған ең ірі мұнай ашылымдарының бірі болып табылады. Сонымен бірге бұл халықаралық мұнай компаниялары бұрын-соңды жүзеге асырған ең күрделі техникалық жобалардың бірі болып табылады. 
Консорциум Қазақстанда Маңғыстау және Атырау облыстарындағы әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын қаржыландыру ісін жалғастыруға, сонымен қатар «Астана Экспо 2017» халықаралық көрмесін қаржыландыруға үлес қосуға келісті". 
"Экологиялық мәселелерді реттеуге" келер болсақ, бәлкім, әңгіме айыппұл төлеу мәселелері бойынша келіспеушіліктер жөнінде болса керек. Естеріңізге салсақ, NCOC пен Agip КCO Қашаған жобасын сынақ түрінде іске қосу барысында қышқыл газды өртегені үшін сот міндеттеген 134,2 млрд теңге мөлшеріндегі экологиялық айыппұлдың заңдылығына қарсылық білдіруді жалғастырып келеді.  Шетелдік тараптар зиянды өтеу бағасымен келіспейді, оны кезінде облыстық экология департаментінің мамандары есептеп шығарған еді. Бәлкім, Келісімге қол қою кезінде тараптар белгілі бір келісімге, айталық, Экспо-2017 көрмесін қаржылай қолдап, айыппұл сомасын азайту туралы келісімге келген шығар.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА
16 желтоқсан 2014, 19:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.