Атырау, 27 сәуір 20:03
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Бекіре тұқымдастарға қауіп төніп тұр

1 854 просмотра

Алексей САФОНОВАлексей САФОНОВҚазақстан ТШО-ға Каспийдің шығыс жағалауына қарай теңіздің тайыз жерінен 66 шақырымдық кеме жүретін канал қазуға рұқсат беріп қойды деуге болады. Бұл онсыз да күрт азайып бара жатқан бекіре тұқымдас балықтар мен итбалықтардың популяциясына қауіп төндіріп отыр.

Облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының ғимаратында өткен «Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі нысандар үшін жүктер тасымалдау бағыты (ЖТБ). Көлік кірме жолдары бар жағалау ғимараттары мен құрылыстар» жобасының Қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі «ТеңізСервис» ЖШС-нің қайталама тыңдауынан кейін осындай тұжырым жасауға болады.

 

РОТТЕРДАМ ҚАЙДА, КАСПИЙ ҚАЙДА...

Бұл жолы мердігерлер дөңгелек үстел барысында және тыңдау кезінде қойылған бүкіл сұрақтарға жауаптар әзірлеп, дұрыстап дайындалыпты.

ЖТБ-ны жобалаған голландық «Виттевеен+Бос» компаниясы жұртшылықтың қызығушылығын тудырды. Голландтар тапсырыс берушіге - «ТеңізСервис» ЖШС-не жоабалау құжаттамасында Каспийдегі кеме жүзетін каналды болашақта мұнай экспорттау үшін пайдалануға болады деп ашық көрсетіп, пайдасынан зияны көп қызмет көрсетіпті. «Виттевеен+Бос Консалтинг Инжинииринг б.в.» корпоративті сайтында өзін қызметкерлердің үлестік қатысы бар инженер-консультанттардың тәуелсіз голландтық компаниясы ретінде көрсетеді. Негізі 1946 жылы қаланған. Қазақстанда 1997 жылдан бері жұмыс жасайды, бүгінде Ақтауда (2000 ж.), Атырауда (2003 ж.), Алматыда (2007) үш филиалы бар. Қазақстандағы ең маңызды нысандары – Қашағандағы жасанды аралдарды жобалау. ЖТБ секілді жобаларға келер болсақ,  «Виттевеен+Бос…» өкілдері Роттердамдағы тереңдету жұмыстары мен айлақ құрылыстарын салуды қосқанда айлақты кеңейту жұмыстарын мысалға келтірді. Алайда экологиялық тұрғыдағы нәзік Каспий мен әлемнің ірі айлақтарының бірін салыстыру орынсыз еді.

 

ОЙПАТПЕН ӨТУ ТИІМСІЗ

Каспийдегі маусымдық желқума құбылыстарынан жақсы хабардар Атырау жұртшылығы бұлар каналды жобалау кезінде ескерілді ме, жоқ па, соны сұрады. Голландық жобалаушының сөзін тәржімалау барысында кеме жүзетін каналдың  және бұрылыс бассейнінің тереңдігін таңдау кезінде олардың теңіздің орташа деңгейін есепке алғандығы түсінікті болды. «ТеңізСервис» ЖШС бас директорының орынбасары Алексей САФОНОВТЫҢ айтуынша, кеме жүзу каналындағы су тереңдігі – 4,8 метр, ал кемелердегі ең жоғарғы суға шөгу – 2,5 метр екен:

- Осы белгілер арасындағы айырмашылық – «беріктік қоры», теңіздің шайқалуына шек болады.

Ал голландық мамандардың 2012 жылы олар жобалаған А мен D аралдары күшті шығыс желінің салдарынан іс жүзінде үлкен құрлықтан оқшауланып қалғанын білмеуі мүмкін емес. Теңізде жел төменгі температурада суды қуып, тез мұз құрсанған Каспийдің онсыз да тайыз сулы осы учаскесін жалаңаштап тастады. Дегенмен, мәжілістен тыс «ТеңізСервис» өкілдері мәлімдегендей, кеме жүзетін канал олар салған Солтүстік Каспий мұнай төгінділеріне әрекет ету базасы секілді қысқы уақытта әрекет етпейтін болады. Бұл іс жүзінде жобалаушылардың осы жобаның тиімділігі мен халықаралық саудаға қатысудан түсетін келешектегі пайда туралы мәлімдемелерін жоққа шығарып тастайды.

Ақтаудан Теңізге дейінгі баламалы құрлық жолына келер болсақ, жобалаушылардың айтуларынша, ол келесі себептер бойынша қабыл алынбаған. Біріншіден, жалпы қолданыстағы жолдар арқылы алып модульдерді тасымалдаудың мүмкін болмауы. Ұзындығы 770 шақырым болатын жаңа жолды салу қажет еді. Басқа проблема – жүріс жолындағы алып табиғи ойпатының болуы. Ол арқылы көтеріліп түскенде модульдар тиелген трейлерді тасымалдау мүмкін емес.

- Осы зерттеу жұмыстарының барлығы ТЭН әзірлеу кезеңінде жүргізілді. Бұл бағыт тиімсіз деп танылды. Ойпатқа топырақ төгуге ешкім рұқсат бермес, ал оны айналып өту ақылға қонбайды. Тағы бір жайт: бағыт Ақтау-Бозащы табиғи қорықшасы арқылы өтер болса, бұл жердегі бай жануарлар әлеміне нұқсан келер еді, - деп мәлімдеді «Терра» қашықтан  зондылау және ГАЖ орталығы» ЖШС өкілі Татьяна ШМЕЛЕВА.

 

ЖАЛҒЫЗДЫҢ ҮНІ

Бостан СҮЛЕЙМЕНОВБостан СҮЛЕЙМЕНОВМен үшін тыңдаудағы ең жабырқатар жайт мердігерлердің ЖТБ пайдасына түрлі ведомостволардың қол қойған бүкіл рұқсат құжаттарын «таныстыруы» болды. Өз маманы Бостан СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ қарсылығына қарамастан, Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының (қазіргі Атырау аумақтық орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі инспекциясы) басшылығы мақұлдау үшін жобаны жоғары сатыдағы Комитетке қайта жолдаған. Басқа да жергілікті табиғат қорғау ведомостволары бекіре тұқымдас балықтар мен итбалықтардың тағдырын шешуді астаналық басшылыққа арта салып, осылай жасаған Канал құрылысы экологияға зиянын тигізеді»). Жергілікті деңгейдегі шенеуніктердің ішінде тырнақшадағы жалғыз батыл адам Атырау облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Өмірзақ ЗИНУЛЛИН болып шықты. Ол ЖТБ жобасына экологиялық қауіптіліктің 1-ші емес, бар болғаны 2-ші санатын берген.

Сүлейменовке келер болсақ, ол өз басшылығынан айырмашылығы бұлтаңдаған жоқ:

- Тереңдету жұмыстарының барысында жойылатын бентос пен планктон үшін әрі қарай өтемақы өндіру мақсатында зиянды есептеуге болатын әдістер бар. Бкекіре тұқымдастар мен итбалықтарға келер болсақ, ЖТБ табиғи көбею жолдарына нұқсан келтіреді. Бұған заңды түрде тыйым салынған. Және зиянды өндіріп алу бойынша ешқандай әдіс қарастырылмаған. Бұдан басқа, бұл жерде мұның кемежай емес, айлақ құрылысы екені әлденеше рет айтылды. Бірақ кемежай деген не – бұл айлақ және жағалау құрылыстарының жүйесі, толқын тосқыш салуға, қосымша тереңдету жұмыстарын жүргузіге болады, міне кемежай деген сол.

Сонда қазір канал құрылысына келісім алып, содан соң кейін қалағаныңды тасуға болатын болғаны ғой.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

9 желтоқсан 2014, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.