Атырау, 26 сәуір 18:04
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Самұрық-Энерго" рубльдің девальвациясына байланысты Ресейге электр энергиясын жеткізуді тоқтатты

1 868 просмотра

Қазақстан 24 қарашадан Ресейге электр энергиясын тасымалдауды тоқтатты, деп хабарлады "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев. 

"Электр энергиясын жеткізуге келер болсақ,  24 қарашадан Ресейге электр энергиясын тасымалдауды девальвация себебімен тоқтаттық. Бұл біздің станциялар үшін тиімсіз болып қалды. Бұл нарықты жоғалтудың ықпалы болатыны сөзсіз", - деді Сатқалиев Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте. 

Оның айтуынша, өткен жылы және биылғы жылдың ортасына дейін Ресейге көмір келісімдерге сәйкес ішкі нарықтағыдан жоғары бағаға жеткізілген. Енді, оның айтуынша, компания бірқатар себептер бойынша баға қалыптастыруда қиындыққа тап болған. 

"Біріншіден, Ресей экономикасы жоғары бағамен біздің көмірді қабылдауға дайын емес. Ресейде біздің көмірді алмастыру бойынша мемлекеттік бағдарлама бар. Бұл факторды назардан тыс қалдырмау керек. Ресейге көмір жеткізу бойынша баға саясаты мәселесінің өзектілігі артып келеді. Келісімдер рубльмен жасалады, бұл ретте біз шығынсыз жұмыс істеу, әділ баға қалыптастыруға үлкен көңіл бөлеміз", - деп нақтылады Сатқалиев.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 
26 қараша 2014, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.