Атырау, 11 мамыр 08:00
 ашықВ Атырау +20
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

«ЭСКПО-2017» көрмесіне байланысты бюджет қысқартыла ма?

1 825 просмотра

«Мемлекеттің барлық қаражаты ЭКСПО-ға бөлінуде» деген сөзге сенудің қажеті жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен «ЭСКПО-2017» туралы отырысынан соң журналистермен кездескен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 «Қаражаттың барлығы ЭКСПО-ға кетіп жатыр» деген әңгіме менің ойымша дұрыс емес. ЭКСПО-ға арнайы бөлінген қаражат қайтатын ақша. Он жыл әлде жүз жылда ма мұндай құрылыстар елімізде салыну- салынбауы ол жағы белгісіз. Осындай ауқымды шараны Қазақстан енді қашан өткізетіні де белгісіз. Әр салаға қажетті деңгейде қаражат бөлініп жатыр. «ЭКСПО-ға біреудің ақшасын алып аударыңдар» деген нұсқау жоқ. Керсінше, әр сала ЭКСПО-ны инвестициялауға қатысады. Егер осы ЭКСПО тиімді болмаса инвесторлар келіп ақша сала ма?! Елбасының тапсырмасына сәйкес, ЭКСПО кезінде бөлінген әрбір шаршы алаң мемлекетке табыс әкелетін болады. Сондықтан,  «бюджетті ЭКСПО-ға бола қысқартып жатыр» деген сөз жай алып қашпа әңгіме», - деді Т.Ермегияев.
Айта өтейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде елімізде 2017 жылы өтетін «ЭСКПО-2017» көрмесіне дайындық барысы туралы отырыс өтті. Отырыста көрменің мемлекетке әкелетін пайдасы мен оны қазақстандықтардың тиімді пайдалану мәселелері қаралды.

Дереккөз: BAQ.KZ

30 қыркүйек 2014, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.