Атырау, 9 мамыр 18:42
 ашықВ Атырау +7
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Ашық аспан астындағы кино

4 892 просмотра

Атырауда енді сапалы киноны ашық аспан астында көруге болады. Бұл бастама «Еуразия жастары» қоғамдық қорының еріктілеріне тиесілі.

Ашық аспан астындағы кино деген не? Бұл экран, проектор, колонкалар, сәкілер... Кез келген адам келіп, біздің аңдатпамызбен, белгіленген уақытымен алдын ала танысып, фильмді тегін көре алады, -  дейді  олар. – Біз боевиктерді, үрейлі фильмдерді, триллерлерді принциптік тұрғыда көрсетпейміз. Пайдалы болатын мәңгі адами құндылықтар туралы фильмдер көрсетеміз.

Қазір аңдатпада төрт фильм бар, олардың барлығы киносыншылардың ұнамды пікірлеріне ие болған. Мәселен, ризашылық сезімі мен қайырымдылық туралы «Заплати другому» фильмі. Екінші фильм – шынайы оқиғалардың желісімен түсірілген «Невидимая сторона» драмасы. Толық, сауатсыз, үй-күйсіз қалған қара нәсілді жасөспірімді өз қамқорлығына алып, оған спорт жұлдызы болып, университетке түсуге көмектескен дәулетті ақ нәсілді отбасы туралы фильм. Мүгедек арбасына таңылған ауқатты ақсүйек пен оның күтушісі – түрмеден жаңадан босап шыққан қара нәсілді жас жігіт туралы француздың «1+1» трагикомедиясы көрсетіледі. Отандық мықты туынды - «Шал» драмасы туралы да айтпасқа болмайды. Бұл - жайбарақат уақыт ағымы туралы, көнбістік, қарапайымдылық туралы, аңызға айналған көшпелі тірліктің қазіргі мұрагерлерімен берік байланысы туралы фильм.

Бұл фильмдер үш жерде көрсетіледі: Жилгородок бағындағы жазғы алаңда, Алмагүл ықшамауданындағы №12 үйдің алдында, Авангард 4-ші ықшамаудандағы №11 үйдің жанында. Аңдатпаны әзірге әлеуметтік желілерден табуға болады. Бірақ таяу күндері олар қаланың әр жеріне ілінетін болады.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген  Қанат ЕЛЕУОВ

26 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.