Атырау, 9 мамыр 16:19
 ашықВ Атырау +11
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Дала сазының академигі

11 578 просмотра

14 маусымда «Құрманғазы» атындағы мәдениет сарайында композитор, жазушы Илья Жақанов әндерінің «Еділ мен Жайық» халықаралық фестивалі өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен, сондай-ақ, Қытайдан келген өнерпаздар қатысты.

АТАМЕКЕНГЕ ОРАЛУ

Илья Жақанов – жан-жақты тұлға. Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның “Парасат”, Қырғызстанның «Дәнекер» ордендерінің иегері, көрнекті композитор, жазушы, музыка зерттеушісі 75 жасында Атырау мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, суретші мамандығын да алды.

...Бала кезінен үлкендердің атамекендері - Еділ-Жайықты аңсап айтқан әңгімелері Ильяның санасында қалған. Бір кезде Еділ мен Жайық арасында көшіп-қонып жүрген Ильяның ата-бабасы Тама руынан шыққан. Тағдырдың айдауымен олар Еділ-Жайықты қоныстанған, ал, Илья Қаратаудың бөктерінде, Жамбыл облысының Сарысу ауданында дүниеге келген. 1981 жылы Алматыда тұрған кезінде Еділ мен Жайықты көрмей, ақын Жұбан Молдағалиевпен бірге жазған «Еділ мен Жайық» әнін өмірге әкелді. Ал, Отанына 2000 жылы оралған, сол кездегі облыстық телерадиокомпания басшысы Айтқали НҰРҒАЛИЕВ оны Атырауға жұмысқа әрі осында тұрақты қалуға шақырған.

 

БРУСИЛОВСКИЙДІҢ СӨЗІ

Тиыш апа мен Илья аға.Тиыш апа мен Илья аға.Мен Илья Жақановпен үйінде кездескенімде, жұбайы Тиыш апаның тәтті шайын іше отырып, ол маған өзінің консерваторияға қалай оқуға түсе алмағанын айтып берді. ҚазГУ-дың филология факультетін бітірген соң ол консерваторияға емтихан тапсыруға барыпты. Сонда оның әндерін тыңдаған емтихан комиссиясының мүшесі, композитор Евгений Брусиловский былай деген екен: «Бұл жігіт - нағыз халық композиторы. Ол даланың музыка академиясын бітірген. Өзінің осы табиғатын бүлдірмейік. Шығаратын әнін сал-серілерше емін-еркін шығарсын». 

Илья Жақанов 100-ден астам ән жазған. Өзінің «Түн ортасы болғанда» атты ең бірінші әнін 1956 жылы жазған. Халыққа кең тараған әндерінің ішінде «Даниярдың әні»,«Жәмиляныңәні», «Әселім-жаным», «Жайлаукөл кештері» бар, ал, Атырауға келгелі «Доссор вальсі», «Мақаттың ерке бұлбұлы», «Ару қала - Құлсары», «Ағады Жайық, ағады», «Оралдың ерке самалы», «Маңғыстау» деген әндерін жазған.

Бұлбұл құс таңдайына ұялаған әнші - Сәулежан ТағзияұлыБұлбұл құс таңдайына ұялаған әнші - Сәулежан ТағзияұлыОл тек композитор ғана емес, музыкатанушы әрі жазушы. Атырау өңірінің көпшілікке ұмыт болған музыканттарының өмірі мен шығармашылығы туралы бірнеше кітап жазды. Олардың ішінде Қызыл әнші, Ауқат, халық композиторлары Аманғали, Қиса, Тәңірберді Молдабай және т.б. бар.

Композитордың өмірлік серігі, адал досы әрі көмекшісі Тиыш-апа туралы ерекше айтқым келеді. Ол Ильяның алғашқы тыңдаушысы, ең алғашқы оқырманы, мәтін терушісі, тіпті, оның редакторы да!

 

ЗЕРТТЕУШІ ЖАҚАНОВ

Илья Жақановтың шығармашылығын зерттеуші атыраулық Тарас НАУРЫЗӘЛІ оны «ән жанрының геологы» деп атайды. Себебі, ол қазақ халық әндерін зерттеуге келгенде алдына жан салмайды. Қандай да бір ескі ән табылғанын естісе, бүкіл шаруасын тастап, ұмыт қалған музыка мұрасын тауып, зерттеу үшін алыс сапарға аттанады.

Бүгінде танымал болған «Балқадиша» әніне қатысты зерттеу жұмысы өз жемісін берді. Онда «Күйеуің 85-те, шал, Қадиша» деген жолы болды. Илья аға Көкшетауға барған кезде қариялар: «Ильяжан, осы сөзді қосып жүрген қай антұрған?» – деп реніш білдірген екен.

Осыдан кейін Илья аңызға айналған Балқадишаның тұрған ауылына барып, қыздарымен, келіндерімен тілдескен. Сөйтсе, бойжеткен Балқадиша 85 жастағы шалға емес, өзінің қатарына - Масабайдың ұлы Сүлеймен деген жігітке тұрмысқа шыққан екен. Ешқандай шалға тимеген. Ал, Кеңес өкіметі жылдарында ескіліктің қалдығымен күресу үшін Балқадишаны көне салттың құрбаны ретінде көрсетіп, әнді әдейі бұрмалаған.

Осылайша Илья ағаның еңбегінің арқасында ән мәтінінің қасақана бұрмаланғаны дәлелденді. Сонымен қатар, ол егде тартқан кезінде түскен Балқадишаның көне суретін іздеп тапты. Илья аға көптеген әнші-композиторлардың мұраларын зерттеп, қолына түскендерін толықтырды, жоғалып, ұмыт болған әндерді тапты.

 

БАҚЫТ ДЕГЕН НЕ?

Сәуле ЖАНПЕЙІСОВАСәуле ЖАНПЕЙІСОВААтырау облысының әкімі Бақтықожа ІзмұхамбетовтЫңсөзіне жазылған Илья Жақановтың «Сол бір ән» әнімен ашылған «Еділ-Жайық» фестиваліне26 орындаушы қатысты. Олардың шеберлігінҚазақстанның Халық әртісі Лаки Кесоглу төрағалық еткен беделді қазылар алқасы бағалады. Оның құрамына дәстүрлі ән орындаушы Сәуле Жанпейісова, композитор Роальд Топчевский, Батыс Қазақстан облысының халық аспаптар оркестрінің дирижері Еркін Нұрымбетов, эстрада әншісі Индира Расылхан және Батыс Қазақстан облысының композиторы Донеділ Қажымов болды.

Байқауға қатысушылардың әрқайсысы Илья Жақановтың екі әнін орындады.

Батыс Қазақстан облысынан келген Дастан Есентеміров пен Ернар Өмірәлінің дуэті Гран-при иегері атанды. Оларға 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді. Бірінші орын (500 мың теңге) Атырау қаласынан қатысқан Қайрат Кәкімовке бұйырды. Екінші орынды (350 мың теңге) Қытайдан келген Сәулежан Тағзияұлы мен Батыс Қазақстан облысынан қатысқан БатысStar квартеті бөлісті. Үшінші орынды (250 мың теңге) Маңғыстау облысынан келген Асылбек Құрманов, атыраулық Жанат Өтепова мен қарағандылық Қайрат Әбеуов иеленді.

Асылбек ҚҰРМАНОВАсылбек ҚҰРМАНОВТүрлі номинация бойынша бес жеңімпаз - Манарбек Дәулетов (Атырау), Шәри Сабақұлы (Қытай), Амангелді Райхан (Ақмола облысы), «Ирим» тобы (Жамбыл облысы) мен Айбек Дәулетқалиев (Батыс Қазақстан облысы) 60 мың теңгеден алды.

Фестиваль гала-концертпен аяқталды. Оған жеңімпаздардан басқа қазылар мүшелері – Қазақстан эстрадасының мэтрі Лаки Кесоглу, Сәуле Жанпейісова, Индира Расылхан және Донеділ Қажымов қатысты.

Жақановтың көптеген әндерінің алғашқы орындаушысы боп табылатын Сәуле Жанпейісова ол туралы:«Илья Жақанов - бүгінгі заманымыздың ұлы композиторларының бірі. Илья Жақановтың әндерінің тақырыбының кеңдігі соншама – ол Қазақстанның барлық  қасиетті жерлеріне әндерін арнады, ол - біздің табиғатымызды жырлап жүрген композитор», -деді.

Фестиваль соңында сахнаға шыққан Илья Жақанов өзінің толқынысын жасыра алмай: «Бүгін менен бақытты адам жоқ шығар», - деді.

Шынымен де, халқың сенің әндеріңді айтса, көзіңнің тірісінде халқыңның құрметіне ие болсаң, нағыз бақыт деген осы емес пе?

Ұзақ ғұмыр, үлкен шығармашылық табыстар тілейміз, Илья аға!

Зинат ОРЫНБАСАРОВА

Суретті түсірген автор

19 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.