Атырау, 20 сәуір 16:41
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Бизнесмендерге арналған бастауыш мектеп

2 915 просмотра

«Көз қорқақ, қол батыр» дегендей, бастысы - алғашқы қадам жасау. Алайда оны да жасау оңайға түспейді. Аса табысты болмаса да өзіңнің шағын бизнесіңді қалай бастау керек? Осы мәселе Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасының төртінші бағыты «Бизнес Кеңесші» бағдарламасы бойынша өткізілген жедел курстарда талқыланды.

«Бизнесті жүргізудің заманауи үлгілерін енгізу және кәсіпкерлердің білім деңгейін көтеру қажет екенін жүргізілген талдау көрсетіп отыр. Сондықтан енді «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы жаңа, төртінші «Кәсіпкерлік мүмкіндікті күшейту» бағдарламасымен толықты. Соның шеңберінде істерін жаңадан қолға алған кәсіперлерге қолдау көрсетілетін болады», - дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АФ директорының орынбасары Ақан ҚАЙЫРҒАЛИЕВ.  Тек істерін жаңа бастаған кәсіпкерлер ғана емес, экономиканың басымды секторларында өз қызметтерін бастауды жоспарлап қойған кәсіпкерлерге де қолдау көрсетіледі. Көмек түрінің бірі осындай оқу курстары боп табылады.

Атырау облысында Құрманғазы, Исатай, Жылыой, Мақат аудандарынан жедел курстарға 142 адам белсене қатысты. Ал өткен аптаның аяғында жедел курстар Атырау қаласында өткізілді. Мұндай оқуды Қызылқоға, Индер және Махамбет аудандарында өткізу жоспарланып отыр. Курстар интерактивті режимде өткізіледі. Уақыттың көп бөлігі практикалық есептерді шешуге арналады. Оқу бағдарламасы кәсіпкерлікке кіріспе, кәсіпкерлік психологиясы, бизнес жоспар, кәсіпкерліктегі маркетинг, кәсіпкерлерге арналған қаржы, банктік несие алу, қызметкерлерді басқару, кәсіпкерлік пен салық салудың заңды аспектілері деген тақырыптарды қамтиды. Бұдан басқа курстағы барлық қатысушылар жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі туралы, несие алу үшін қандай құжаттар қажет екендігін түсінікті түрде әңгімелейтін өзіндік «шпаргалка» алды. Құжаттардың стандарттық пакеті CD-дискілердегі электронды түрде де қолжетімді. Оқыту мен брошюралардың тегін екендігін атап өткен жөн.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 маусым 2011, 19:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.