Атырау, 28 наурыз 22:55
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Екі балабақшада ішек таяқшалары табылды

4 340 просмотра

Атырау қаласының прокуратурасы балабақшалардағы санитарлық нормалардың, еңбек заңнамалары мен Білім туралы заңның орындалуына кең көлемді тексеру жүргізуді бастады. Қазірдің өзінде екі балабақшадан ішек таяқшасы табылды.

Ең алғаш болып №1 авторлық мектепке дейінгі гимназия, №5 «Аққу», №6 «Гүлдер» балабақшалары, №8 «Ақбота» шипажайлық үлгідегі балабақша және №9 «Әлия» балабақшасы тексерілді.

№1 авторлық мектепке дейінгі гимназия мен №8 балабақшада ішек таяқшасы бактериялары табылды, – деп хабарлады Атырау қаласы прокурорының орынбасары Владимир МАЛАХОВ. – Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды және осы балабақшалардың қызметі дезинфекциялау жұмыстары аяқталғанша тоқтатылды.

Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі мекеме қызметкерлері міндетті медициналық байқаудан уақытында өтпейтіндіктері анықталды. Осы үшін 84 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды (№1 АМДГ-де 25, , №8 балабақшада 51 және №5 балабақшада 8 адам).

Отбасында туберкулезбен ауыратын адамдар бар балаларға арналған №8 шипажайлық үлгідегі балабақшада тәрбиеленушілер Кох таяқшасына қарсы иммунитетті арттыратын дәрі ішеді. Тексеру барысында ол жерде сақталып жатқан дәрілердің кейбірінің сақтау мерзімі асып кеткендігі анықталды, – дейді В. Малахов. – Сонымен қатар, осы мекеменін диета жөніндегі медбикесі сертификаты болмаса да, заңсыз клиникалық қызметпен айналысқан.

Тексерулер жалғасуда. Жыл соңына дейін облыс орталығының барлық балабақшалары қамтылады деп жоспарлануда.

Анастасия ПАСТУХОВА

14 наурыз 2014, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.