Атырау, 9 мамыр 09:18
 ашықВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қыздарға әсемдік жарасады...

6 588 просмотра

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде саусақтарынан өнері тамған қолөнерші қыздардың көрмесі өтті.  

Бұл бір жағынан көрме-жәрмеңке десе де болады, себебі әр жұмыс сатылымға шығарылды. Мәселен, бірқатар студенттер бірігіп, 23 жастағы жас дизайнер Гаухар МИЕРХАНОВАНЫҢ «Коктейль» жұмысын 7 000 теңгеге сатып алды. Бұл Гаухардың батик өнерінің туындысы (матаға сурет салу). Айтпақшы, көрмені ұйымдастырған да сол Гаухар.  

- Менің бұл көрмені ұйымдастырудағы мақсатым -өзім танитын талантты қыздарға қолдау білдіріп, жұмыстарын насихаттау, - дейді Гаухар. -Көрмеге өзімнің тіккен көйлектерім мен салған суреттерімнен және әр түрлі әшекей бұйымдарымнан бөлек, Атырау университетінің түлектері мен студенттері Айман МАҢҒЫСТАУОВА, Гүлдана МАРАТОВА, Айдана САҒИДОЛЛАЕВА, Мейірбану ТІЛЕПОВАНЫҢ жұмыстары қойылған. Сондай-ақ,Кіші өнер Академиясының түлектері Айжан ҚАУЫСОВА менДиана САДУАҚАСОВАНЫҢ дажұмыстары бар. Көрмеге барлығы50 шақты жұмыс қойылды.

Гаухар Миерханова 2009 жылы Кіші өнер Академиясын «Киім пішіп тігу және модельдеу» мамандығы бойынша бітіріп, 2013 жылы АМУ-дың «Педагогика және өнер» факультетін тәмамдады. Ол Кіші өнер Академиясында батик өнерінен дәріс беретін ұстаз Халифа МУСИНАНЫҢ шәкірті.

Көрмеде ерекше үлгіде тігілген үш көйлек көздің жауын алып тұрды. Олардың екеуі Айжан Қауысова мен Диана Садуақасоваға тиесілі болса, жібек матадан тігілген күлгін түсті үшінші көйлек Гаухардың қиялынан шыққан.

Жақында ол киімдерінің жаңа коллекциясын шығаруды көздеп отыр. Не дейміз, сәттілік!

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

Суреттер: Гаухардың жұмыстары - күлгін түстес көйлек, алқалар, суреттер

12 наурыз 2014, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.