Атырау, 9 мамыр 10:01
 ашықВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Үздік мерген смартфонға ие болады!

2 526 просмотра

Балалар, сіздерді «Ақ Жайық» газетінің жүлдесі үшін жыл сайын Ұлыстың ұлы күні - 22 наурызда өтетін «Алтын сақа» ойынына қатысуға шақырамыз!

Ойынға 7 жастан 13 жасқа дейінгі ер балалар қатыса алады. Сайыс ұлттық ойынның «Омпы» түрі бойынша өтеді.

Үздік үш ойыншыға мынадай жүлделер беріледі: І орын - Samsung Galaxy S4 смартфоны,  ІІ орын - Samsung Galaxy 8.0 планшеті, ІІІ орын - Samsung Galaxy S Plus смартфоны беріледі.

Ойын өткізілетін орын қосымша хабарланатын болады. Балалар өз асықтарын ала келуі керек.

«Омпы» ойынының шарты:

Ойынға қатысушылар үш не одан да көп топқа бөлінеді. Әрқайсысында көнге тігетін 10 асық және 1 сақасы болуы тиіс. Тегіс жерге екі жақтан арасы баланың он адымымен өлшеніп, екі көмбе сызылады. Көнге әр бала екі асықтан тігеді. Ортасына бір үлкен асықты омпысынан (мұртынан не жамбасынан) тұрғызып қояды. Балалардың сақаларын иіру арқылы кезектері анықталады. Көмбе бойындағы сызыққа тұрып, асықтарды көздеп ату басталады. Егер кімде-кім омпыны құлатса, ол көндегі бар асықты алады. Ал, асықтың кез келгеніне тигізсе, құлатқан асығы саналады, әр топтан 1-ші және 2-ші орын алған ойыншылар финалға шығады.

Редакция

27 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.