Атырау, 28 сәуір 16:06
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қоғам

Қоғам

Мира мен достары ұйымдастырған мереке

1 маусымда Атырауда Балаларды қорғау күні түрлі ойындармен, билер және отшашулармен дүбірлетіп тойланды. Бір қуаныштысы, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлауды тек мемлекеттік органдар мен қайырымдылық қорлары ғана емес, қарапайым қалалықтар да парызым деп санайды екен. 6 маусым 2013, 00:00 2 119 просмотра
Лейтенант Смысловтың естелігі Қоғам

Лейтенант Смысловтың естелігі

1943 жылдың сәуір айы. Сол көктемде 18 жасар Александр СМЫСЛОВ вокзал перронында әжесімен қоштасып тұрды. Станциялық радиодан жүрек жыртар ән жүріп жатыр: «Қош, сүйікті қалам...». «Жарайды, әже...», - деп жас жігіт көз жасы көл болған қарт ананың құшағынын сытылып шығып, қозғалып бара жатқан пойызға секіріп мінді. Бұл күні вокзалдан үш құрам жолға шықты, жолаушылардың барлығы Гурьев жаяу әскер училищесінің түлектері болатын. Бұл олардың соғысқа аттанып бара жатқан сәті еді. 2 мамыр 2013, 00:00 3 278 просмотра
Атыраулық кәсіпкер ұлы үшін Бостонға ұшты Қоғам

Атыраулық кәсіпкер ұлы үшін Бостонға ұшты

Бостондағы терактіні жасады деп айыпталып отырған Джохар ЦАРНАЕВТЫ ұстағаннан кейін әлемдік баспасөз беттерінде екі қазақстандықтың - Массачусетс Дартмут (UMass Dartmouth) университетінің студенттері Диас ҚАДЫРБАЕВ пен Азамат ТАЖАЯҚОВТАРДЫҢ есімі аталды. Ал 19 жасар Азамат, тіпті, біздің жерлесіміз, атыраулық болып шықты. 26 сәуір 2013, 11:37 4 537 просмотра
Табиғат – сенің үйің Қоғам

Табиғат – сенің үйің

«Жерұйық» мәдениет орталығы Атырау облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірігіп, өскелең ұрпақтың назарын табиғат қорғау проблемасына аудармақ мақсатпен бірнеше конкурстар ұйымдастырды. 25 сәуір 2013, 15:13 13 262 просмотра
Зейнеткерлер назарына Қоғам

Зейнеткерлер назарына

Облыстық әкімдікте зейнетақы жүйесін жаңғыртуға арналған дөңгелек үстел өтті. Егер Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры (БЖЗҚ) туралы шешім қабылданып, Парламент Мәжілісіне жолданған болса, әзірге басқа мәселелер, атап айтқанда, зейнетақы жасын көбейту мәселелері әлі де талқылануда. 18 сәуір 2013, 00:00 6 284 просмотра
Әйелдер озбырлыққа қарсы Қоғам

Әйелдер озбырлыққа қарсы

Полицейлер қызықты фактіні атап отыр. Күйеуінің немесе туыстарының тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырайтын атыраулық әйелдердің көпшілігі енді үйдегі озбырлыққа шыдағылары келмейді. Олар бірден құқыққорғау органдарының көмегіне жүгінетін болған. 11 сәуір 2013, 00:00 5 663 просмотра
Назгүлдің мүмкіндігі Қоғам

Назгүлдің мүмкіндігі

Назгүл МАСАБАЕВА 23 жаста. ІІ топ мүгедегі болғанына қарамастан, ол мектеп пен колледжді бітіріп, жылжымайтын мүлік бағалаушысы мамандығын игерген. Алайда жұмыс таба алар емес. «Жұмыс берушілер кез келген сылтаумен мүгедекті жұмысқа алмауға тырысады», - дейді Назгүл. 4 сәуір 2013, 00:00 2 088 просмотра
Жетім көрсең, жебей жүр Қоғам

Жетім көрсең, жебей жүр

Әлеуметтік жарнама мен әлем жұлдыздарының өнегесінің арқасында бала асырап алу біз үшін жабықтақырып болудан қалды. Посткеңестік кеңістікте бала асырап алуды насихаттаудың ауқымды науқанын ресейліктер бастаған еді. Қазақстанда да тұрақты жұмыстар жүргізіліп отырады. Соның нәтижесінде асырап алынған, сонымен қатар қамқорлыққа, патронаттық тәрбиелеуге алынған балалар саны көбейді. Атырауда осындай шаралардан соң тіпті «Ақ бота» балалар үйі жабылды. №1 интернаттың базасында ресейлік мамандар өткізген «Асырап алушы ата-аналар мектебі» тренингінде қамқорлыққа алу органдары мен асырап алушы ата-аналардың бетпе-бет келетін қиыншылықтары туралы әңгіме қозғалды. 4 сәуір 2013, 00:00 5 244 просмотра
Жерге кірген жер үй Қоғам

Жерге кірген жер үй

- Сәлеметсіздер ме, бұл «АЖ» тілшісі ме? Мен доссордан Ғайса СЫДЫҚОВ деген боламын. Отбасымыздағы 16 жанның құлауға шақ тұрған 3 бөлмелі ескі үйде қысылып, қымтырылып тұрып жатқанымызға бірнеше жылболды. Бізге көмектесіңіздерші! -дейді телефонның арғы жағында тұрған ол жанұшырып. 4 сәуір 2013, 00:00 9 763 просмотра
Бәйгеге тігілген жер Қоғам

Бәйгеге тігілген жер

Жер телімін нарық бағасынан бірнеше есе арзанға алу мүмкін бе? Егер бұл жер телімдері табиғатта мүлдем жоқ болса, мүмкін. Немесе егер бұл жердің иесі жерге әлі иелік ете алмаса, өз арманыңдағы үйді салатын жерді тиынға сатып алуға болады... Шым-шытырық па? Келісемін. Ендеше, мұны анықтап көрейік... 21 наурыз 2013, 00:00 5 499 просмотра
Қой қоздап, қорада шу Қоғам

Қой қоздап, қорада шу

Көптен күткен көгілдір көктем кең далаға ерекшелік сыйлап үлгерген. Жер бусанып, жылылықтың лебі еседі. Далалықтағы ылғалды шөпке бөккен мал атаулы жерден басын алар емес. Қақаған қыстан аман-есен шығып, көктемнің шуақты күндеріне жеткен жан мен мал үшін «арқасын» кеңге салған рахаттанғандық сезім ғана бар. 21 наурыз 2013, 00:00 7 599 просмотра
Болашақ зейнетақыға қалай өмір сүреміз? Қоғам

Болашақ зейнетақыға қалай өмір сүреміз?

Осы жылдың ақпанында ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңына енгізілген түзетулер күшіне енді. Бұл өзгерістер жөнінде ««ГАК» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның директоры Майя ЛЕВЧЕНКО (суретте) әңгімелейді. 14 наурыз 2013, 00:00 2 915 просмотра
«Біз қарсы емеспіз, алайда...» Қоғам

«Біз қарсы емеспіз, алайда...»

Жылыой аудандық әкімдігі жұмыссыздар санын азайтудың жолдарын қарастыруда. Қазір осыған байланысты «ТШО» ЖШС-нің мердігер компанияларымен келіссөздер жүргізілуде. Алайда, мердігерлер жылыойлықтарды жұмысқа алуға аса құлықты емес.  14 наурыз 2013, 00:00 2 291 просмотра
Бақылау бекетіндегі өз адамы немесе Балық қорғаушылар партияның бастамасымен неге келіспей отыр? (+Бейнежазба) Қоғам

Бақылау бекетіндегі өз адамы немесе Балық қорғаушылар партияның бастамасымен неге келіспей отыр? (+Бейнежазба)

«Нұр Отан» ХДП-ның Атырау қалалық филиалының балық қорғау инспекциясы мен су полициясы бөлімшелеріне партиялық бақылау бекеттерін құру туралы ұсынысы балық қорларын қорғаушылар тарапынан қолдау таппады. Неге облыстық балық инспекциясы браконьерлікпен күресте билеуші партиямен бірігіп әрекет еткісі келмейді? 13 наурыз 2013, 14:49 5 603 просмотра