1 2 3
Атырау, 27 ақпан 20:14
Түнде ашық-5, таңертең -1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 185.05  € 210.11  P 3.05

Әйелдер озбырлыққа қарсы

11 сәуір 2013 00:00

Полицейлер қызықты фактіні атап отыр. Күйеуінің немесе туыстарының тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырайтын атыраулық әйелдердің көпшілігі енді үйдегі озбырлыққа шыдағылары келмейді. Олар бірден құқыққорғау органдарының көмегіне жүгінетін болған.

- Бұл - өте жақсы құбылыс. Мұны соңғы кездері әйелдер өз құқықтары туралы көбірек хабардар болғандықтан шығар деп ойлаймын, - деп есептейді ІІД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Болат ДҮЙСЕНОВ. Ол сонымен қатар, әйелдердің осыдан үш жыл бұрын енгізілген қорғаныс ұйғарымы секілді қорғану әдісіне жиі жүгінетіндігін атап өтті. Ол отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға өз құрбанымен10 тәулік мерзімге кез келген байланыс жасауға тыйым салады. 

Тек биылғы жылдың қаңтар-ақпанында Атырау қаласында 120 (2012 жылдың қаңтар-ақпанында - 42) қорғаныс ұйғарымы шығарылды.

Анастасия ПАСТУХОВА

866 рет қаралдыБасты бет

 

Тақырып бойынша жаңалықтар

Британиялық қарсы барлау басшысы «Аль-Каиданың» дайындап жатқан шабуылы туралы ескерту жасады   105 рет қаралды

Ақтөбелік дәрігерлер Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқаулығына қарсы шықты  297 рет қаралды

Депутаттар жалақыларын қысқартуға жаппай қарсы шықты  112 рет қаралды

Ағайынды жігіттер әкелі-балалы тұрғындарды алыс қыстақта құлдықта ұстаған - БҚО  137 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4