Атырау, 13 мамыр 19:58
 бұлттыВ Атырау +11
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Бала сүю бақыты

6 111 просмотра

Атырауда жылдан жылға экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) арқылы сәби сүйгісі келетін жұптардың саны көбейіп келеді. Биыл (өткен жылдағыдай) Атырау облысына бар болғаны 20 квота бөлінген.

Сәбиді квотаны күтпей-ақ сүюге болады, алайда бұл қызметтің құны 1 млн теңгеге дейін. Оның үстіне ұрықтандырудың нәтижелі болуы-болмауы белгісіз.

- Алғашқы әрекеттен-ақ жүктілік шамамен әйелдің 40 пайызында басталады, - дейді Алматы экстракорпоральды ұрықтандыру орталығының директоры Тамара ЖҮСІБАЛИЕВА телефон арқылы хабарласқанымызда. – Екінші талпыныста тиімділік артады. Бізде әйелдердің бесінші талпыныста жүкті болған жағдайлары болды. Әрине, әйелден көп күш пен төзімділік талап етіледі.   

Айта кетелік, елімізде бар болғаны бес ЭКҰ емханасы бар. Екеуі - Алматыда, екеуі - Астанада және біреуі - Таразда.

Облыстың бас акушер-гинекологы Гүлмира ҚАЙРАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, ЭКҰ төлеудің мемлекеттік бағдарламасы төрт жылдан бері жұмыс жасап келеді. 2010 жылы Атырау облысына 3 жолдама, 2011 жылы – 10, 2012 жылы – 20 жолдама тиген. Қазіргі уақытта 14 жұп квота алды, бірақ 3 әйел ғана жүкті болған. Тағы 6 квота қазіргі уақытта қаралып жатқан 28 жұптың ішінен кейбір жұпқа берілетін болады.

- Мәселе мынада: ЭКҰ арқылы әйелдердің бәрі бірдей жүкті бола алмайды, - дейді Г.Қайралиева. – Соматикалық және психикалық аурулар жүктілік пен босану үшін қарсы көрсетілімдер болуы мүмкін. Екіншіден, жатыр қуысының туа біткен даму кінәраты немесе жүре пайда болған деформациялануы. Үшіншіден, аналық жыныс безінің ісіктері. Төртіншіден, әйелдерде оперативтік емдеуді қажет ететін жатырдың зарарсыз ісігі болмауы тиіс. Бесіншіден, кез келген жердегі өткір қабыну аурулары қарсы көрсетілімдер болуы мүмкін. Және соңғысы – бұл процедура кезінде кез келген жерде жаңадан пайда болған қатерлі ісік...

Соңғы мәліметтер бойынша, облыста «бедеулік» деген диагнозбен 368 әйел мен 45 ер адам есепте тұр. Дәрігерлердің айтуынша, баласыз адамдар іс жүзінде анағұрлым көп екен. Көпшілігі дәрігерлерге келмей, ғажайыптан үміт күтеді. Енді біреулері бақсы-балгерлерге барса, басқалары Ресейде және шетелде емделуді жөн санайды.

- Өзімізде Алматыдан кейбір зерттеу жұмыстарын жүргіземіз, - дейді Алматы Урология ғылыми орталығының андрология бөлімшесінің меңгерушісі Тамерлан ҚҰСАЙЫНОВ. – Үрдіс мынадай: егер осыған дейін ұрық сұйықтығындағы белсенді аталық ұрықтың 50 пайыздан астамы норма деп есептеліп келсе, қазір бұл көрсеткіш екі есеге азайды. 50 пайыздай жұп ер азаматтың кінәсінен бала сүйе алмай жүр. Бұл - факт.

Анастасия ПАСТУХОВА

6 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.