Атырау, 2 мамыр 04:33
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Атырауда

Басқа жаңалықтар

Атыраулық оқушылар - халықаралық білім олимпиадасы жеңімпаздары

Атырау қаласындағы Қазақ-түрік лицейінің 11 «б» сынып оқушылары осы жылдың қараша айында өткен халықаралық-рейтингілік олимпиададан жеңіспен оралды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін ғылыми жобалар бойынша халықаралық-рейтингілік олимпиадаға биыл 11 елдің оқушылары қатысты. Ал Қазақстаннан 29 бала барған. 30 желтоқсан 2010, 00:00 8 531 просмотра
Сейсенбіде күн көзіне қарамаңыздар Басқа жаңалықтар

Сейсенбіде күн көзіне қарамаңыздар

Сейсенбі күні, 4-ші қаңтарда биылғы жылда алғаш рет жартылай күн тұтылмақ. Астрологтар жартылай тұтылған күнді бақылау адам денсаулығына ғана емес, оның тағдырына да кері әсерін тигізетінін растап отыр. 30 желтоқсан 2010, 00:00 3 594 просмотра
Басқа жаңалықтар

Кенжетай Рамазанов«Жыл кәсіпкері» атанды

Өткен жұма күні дәстүрлі «Жыл кәсіпкері-2010» шарасы болып өтті. «Асүй мен сервис шебері» номинациясы бойынша Мұрат АЙТБАЕВ басшылық ететін «Ай-Жан» мейрамхана кешені үздік деп танылды. Қызмет көрсетуді көп қабатты үйдің бірінші қабатындағы шағын кафеден бастаған «Ай-Жан» кешені бүгінде қаладағы ең танымал орындардың біріне айналды. 30 желтоқсан 2010, 00:00 3 401 просмотра
Мейірімге бөлеген Аяз ата Қоғам

Мейірімге бөлеген Аяз ата

«…Келді!.. міне!.. жаңа!.. жыл!.. – Сабыр Қазыбаев атындағы интернаттың тәрбиеленушісі үш жасар Нұрбибі Сайлау бар дауысымен, ап-анық етіп тақпақ айта бастады, - Қарсы!.. алайық!.. бәріміз! Күліп!.. ойнап!.. би билеп!». Тек кішкентай балалар ғана өкпелеріне көбірек ауа толтырып алып, мүдірмей, толқығаннан үстеріндегі киімдерін тартқылап,  тақпақтарды дәл осылай айтады ғой. Нұрбибінің кішкентай ғана басындағы үлкен бантик оның әр сөзінен кейін селкілдеп тұрды. Ал оның баданадай, сенгіш, үрке қараған әрі шаттанған көздерін айтсаңызшы. Бұл сәби қарсы алдында Ақшақарымен бірге нағыз Аяз Атаның тұрғанына жүз пайыз СЕНЕДІ, бұған күмән жоқ. 29 желтоқсан 2010, 00:00 9 676 просмотра
Газ тарифі әзірге өзгерген жоқ Экономика

Газ тарифі әзірге өзгерген жоқ

Біздің бүкіл облысымыз дерлік табиғи ғазды пайдаланғандықтан, жыл аяғында тарифтің өзгеруі туралы мәселе өзекті тақырыпқа айналады. Газдың бағасы қандай және оның қалай қалыптасатынын монополияға қарсы департаменттен білуді ұйғардық. 29 желтоқсан 2010, 00:00 3 602 просмотра
Енді өз энергиямыз бар Басқа жаңалықтар

Енді өз энергиямыз бар

23 желтоқсанда облыс әкімі салтанатты түрде Атырау ЖЭО-ның 4-ші кезегін іске қосты. 4-ші кезек сағатына өнімділігі 440 тонна бу шығаратын 2 қазандық және қуаттылығы 75 мегаватт болатын 3 турбоагрегатты білдіреді. 29 желтоқсан 2010, 00:00 3 166 просмотра
Басқа жаңалықтар

Облыс бюджеті азаймайды

ЖЭО-ның 4-ші кезегінің ашылуы кезінде жағдайды пайдаланып, «АЖ» тілшісі Б.Рысқалиевтан келер жылдың облыс бюджеті қалай екенін сұрады. Өйткені таяуда облыстық әкімдікте оның әжептәуір қысқаратындығын және бірқатар жобаларға жұмсалатынын хабарлаған болатын. 29 желтоқсан 2010, 00:00 2 973 просмотра
Басқа жаңалықтар

Ішімдік ішкендерді полицейлер емес, медиктер қабылдайды

1-ші қаңтардан бастап медициналық айықтырғыштар ІІМ жүйесінен Денсаулық сақтау министрліктерінің құзырына берілетін болады. Айықтырғыштарды медиктердің қолына беру туралы мәселе бірнеше жыл бойына талқыға салынған болатын. Оған басты дәлелдердің бірі Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарламасы болды. 29 желтоқсан 2010, 00:00 3 632 просмотра
Саясат

«Біздің мәжіліске 77 қорқақ қоянның қатысы жоқ!»

Біз Атырау облысынан сайланған төрт депутаттың үшеуіне және тағы бір мәжілісімен Айгүл Соловьеваға екі сауал қойған едік. Бірақ, кейбір менің сұхбаттастарым (әсіресе екіншісі) әлденеден секемденіп, сақтық танытқанымен жауап беруден ешқайсысы бас тартқан жоқ. Төрелігін өздеріңіз айтарсыздар. 29 желтоқсан 2010, 00:00 5 512 просмотра
Біліксіздіктен туындаған «сыздауық» Оқиға

Біліксіздіктен туындаған «сыздауық»

Тазалық пен сыпайылық дұрыс емге кепілдік емес Осы материалды дайындау барысында маған медиктердің тағы да өз реніштерін білдіретіні қайта-қайта ойыма орала берді. Сеніңіздер, ең қиын мамандықтардың бірінің өкілдерін ренжіткім-ақ келмейді. Олардың басым бөлігі біздің денсаулығымызды сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын өз істерінің мамандары. Алайда біреудің салдыр-салақтығынан немесе ақшаға құныққандықтан адам денсаулығынан айырылып жататын сұмдық фактілерден айналып кетуге болмайды. Оның үстіне ақталуға мәжбүрлесе жанды ауыртатыны сол. 29 желтоқсан 2010, 00:00 15 263 просмотра
«Алтын шаңсорғыштан» қалай құтылуға болады? Қоғам

«Алтын шаңсорғыштан» қалай құтылуға болады?

«Біздің үйге өзін бір сауда фирмасының өкілімін деп таныстырған жас жігіт келді. «Кирби» деген керемет шаңсорғышпен пәтеріміздегі кілем мен жұмсақ жиһаздың шаңын сорып, оның  қалай жұмыс істейтінін тегін көрсетуді  ұсынды. Әйелім келісе кетті.  Әлгі үш сағаттың ішінде біздің пәтеріміздің шаңын тазартып отырып,  агрегаттың керемет қасиетін мақтап жатты. Ал кейін бағасы 500 мың теңге тұратын бұл ғажапты сатып алуға көндіре бастады. Осылайша әйелім келісім-шартқа қол қойып, үйдегі 40 мың теңге ақшаны соған беріп жіберді. Қалған соманы кеңесші жарты жылда бөліп өтейтініміз туралы қағаз толтырды. Ол кеткен соң... 29 желтоқсан 2010, 00:00 4 676 просмотра
 Шахтадан шатақ шықты Қоғам

Шахтадан шатақ шықты

ӨЙТКЕНІ ОНДА ЖАРЫЛҒЫШТАР БАР ЕКЕН Бұл туралы "АЖ" газетінің 2010 жылғы 12 тамызындағы санында егжей-тегжейлі баяндаған болатынбыз. Дегенмен жергілікті билік баяғысынша жайбарақаттық танытып келеді. Тұз шахтасының қазіргі жағдайы адамдарға, экологияға зор қауіп төндіріп отыр. Өйткені жерасты тұз шахтасында детонатор мен аммонит жарылғыштарының ірі көлемде сақталып қалғаны анықталды. Оның үстіне шахта ішіне метан газ жиналған. Үрей ұшыратын бұл жайттың ертеңгі күні немен бітері де белгісіз... 29 желтоқсан 2010, 00:00 5 786 просмотра
Басқа жаңалықтар

Қоян жылы қандай жыл?

Әдетте қоян жылы қазақ халқының есінде қуаңшылық, ауыр жыл ретінде қалған. Тарих парақтары Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама заманның да 1732 жылғы қоян жылымен тұстас келгенін айтады. Одан кейінгі 1867 -1868 жылғы жалпақ қоян, 1879-1880 жылғы ұлы қоян, 1891-1892 жылғы кіші қоян деген атпен қалған кезеңдер де ел есінде. Жұт жылдары жеке рулар, ауылдар немесе тұтас бір отбасы, мал басы малсыз қалған кездер болған. 29 желтоқсан 2010, 00:00 11 777 просмотра
Ақшамыз қайда? Қоғам

Ақшамыз қайда?

Атырау қалалық жедел жәрдем бекеті ұжымы жаңа жылды қарсы ала алмауы да мүмкін. Өйткені жедел жәрдем қызметкерлері бір-екі айдан бері жалақысыз отыр. Кеше осы мекеменің бір топ қызметкерлері (суретте) қалалық прокуратураға жалақы мен бірнеше айдан бері еңбек демалысы ақысын ала алмай отырғандарын айтып шағымданды. 23 желтоқсан 2010, 00:00 4 477 просмотра
Қоғам

Бар үміт мұнай-химия кешенінде

Келер жылы Атырау облысында көптеген жұмыс орындарында қысқартулар болады деп күтілуде. Он мыңнан аса атыраулықтар Қашаған жобасының аясында «Болашақ» мұнай және газ кешенін дайындау қондырғысының құрылысы аяқталғаннан кейін жұмыстарынан босатылмақ. Алайда, болашақ жұмыссыздар үшін мемлекет басындағылар белсенді түрде тезірек жүзеге асыруды қолға алып жатқан басқа да ірі жобалардан жұмыс табылуы мүмкін екендігі анықталды.  Осы жобалардың барлығы мұнай өндіруді арттыруға немесе облыста мұнай-химия саласын қалыптастыруға бағытталған. 23 желтоқсан 2010, 00:00 3 252 просмотра
Ірі табиғат пайдаланушыларының уәделері тағы қағаз жүзінде қалды   Экология

Ірі табиғат пайдаланушыларының уәделері тағы қағаз жүзінде қалды

Жуырда Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мұнайгаз саласындағы ірі жер пайдаланушыларға қатысты табиғатты қорғау және олардың ісіндегі заң бұзушылықтар  жөніндегі зерттеуін жария етті. Олардың арасында біздің облысымыздағы ТШО, North Caspian Operating Company, Қазтрансойл, АМӨЗ, Ембімұнайгаз компанияларымен қатар «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ аттары аталады. Әрине, президент айтқандай мұнай мен газ біздің де шаруамыз емес, бірақ сол жердің ауасын жұтып отырғандар нақты жағдайдан хабары болуы керек деп санаймыз. 23 желтоқсан 2010, 00:00 10 225 просмотра
Өкініш құны - 180 миллион Оқиға

Өкініш құны - 180 миллион

№7 «Күншуақ» балабақшасының (СМП-136) мемлекеттік меншікке қайтарылуына байланысты сыбайлас қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Бір кездері бұл істі тергеуді тіпті, бір тұлғаға қатысты басып тастауға тырысқандары белгілі болды. 22 желтоқсан 2010, 00:00 4 097 просмотра
Атыраулық екі шенеунік айыпталуда Оқиға

Атыраулық екі шенеунік айыпталуда

Астанада сот ҚР балық шаруашылығы комитетінің бұрынғы екі төрағасына қатысты істі қарауда. Республикалық ақпараттық агенттіктердің хабарлауынша, аталмыш мекеменің бұрынғы басшысы Қанат СҮЛЕЙМЕНОВКЕ қатысты қозғалған қылмыстық істің материалы сотқа жолданды 22 желтоқсан 2010, 00:00 4 561 просмотра
Қоғам

Мемлекеттік аралық бақылау енді бола ма?

Көптен бері қалалық мектептердің  оқушылары мен педагогтары арасында МАБ-ды (мемлекеттік аралық бақылау)  алып тастау жөніндегі алып-қашпа сөз шыққалы біраз болды. Жыл сайын  МАБ-дан еліміздің 4-ші және 9-шы сынып оқушылары өтеді. МАБ 2011 жылы бола ма?  22 желтоқсан 2010, 00:00 6 338 просмотра