Атырау, 23 сәуір 16:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Газ тарифі әзірге өзгерген жоқ

3 597 просмотра

Біздің бүкіл облысымыз дерлік табиғи ғазды пайдаланғандықтан, жыл аяғында тарифтің өзгеруі туралы мәселе өзекті тақырыпқа айналады. Газдың бағасы қандай және оның қалай қалыптасатынын монополияға қарсы департаменттен білуді ұйғардық.

Біздегі басты жеткізуші «Облтрансгаз» газды облыс орталығына және Жылыойдан басқа барлық аудандарға жеткізеді. Атырау облыстық табиғи монополияны реттеу жөніндегі ҚР агенттігінің департаменті директорының орынбасары Райхан МИЗАМҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, «Облтрансгаздың» тарифі соңғы рет 2009 жылы қайта қаралған. «Кәсіпорын инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты өтініш берген. Ол өзінің негізгі құралдарын жаңартуға және қайта жарақтауға бағытталатын болады. 2009 жылдың 1 шілдесінде тұтынушылардың үш тобы бойынша келесі тарифтерді бекіттік. Бірінші топ – бұл халық – мың текше үшін 3760,09 теңге (осы жерде және әрі қарай барлық бағалар ҚҚС-сыз көрсетілген). Екінші топ – халық үшін жылу энергиясын шығаратын кәсіпорын – мың текше үшін 4692,31 теңге және үшінші топ – басқа кәсіпорындар – мың текше үшін 13243,02 теңге.

Осы тарифтің құрылымында сатып алу және тасымалдау құны тұр. ТШО газды мың текше үшін 3960 теңге бағамен сатады. «Интергаз Центральная Азия» АҚ газды Теңізден Атырауға дейін магистральды газ құбыры бойынша тасымалдайды. Тасымалдау құны – халық пен жылу берушілерге мың текше үшін 171 теңге және үшінші топтағы кәсіпорындар үшін мың текше үшін 420 теңге. Ішкі тарату жүйелері бойынша тасымалдау «Облтрансгазға» мың текше үшін 1316 теңгеге шығады (2009 жылға дейін 800 тг болатын). «Облтрансгаз» тасымалдау тарифі 4 жылға бекітілген, ол 2012 жылға дейін күшінде болады. Алайда ақырғы тариф осы жылдар ішінде бұл тізбекке қатысатын басқа екі қатысушы - ТШО мен “Интергаз Центральная Азия” АҚ салдарынан өзгеруі мүмкін».

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

29 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.