Атырау, 19 мамыр 23:44
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Барлық жаңалықтар

«Болашақ» зауытында «төтенше жағдай болған жоқ» Атырауда

«Болашақ» зауытында «төтенше жағдай болған жоқ»

3 қазанда сағат 19:00 шамасында Атырау маңында сол жағалаудан қара түтін көрініп, кейінірек ауада жағымсыз иіс пайда болды. Біз төтенше жағдайлар департаментіне хабарластық. Олар түтіннің Қарабатан жақтан шығып жатқанын айтты, қызметкерлер анықтау үшін сол жерге кетті. Ал NCOC компаниясының баспасөз қызметі сол кеште өндіріс алаңдарында ешқандай төтенше жағдай тіркелмегенін хабарлады. 5 қазан 2020, 10:46 3 182 просмотра
​Атырау-Ақтөбе тас жолындағы жан түршігерлік апат: 9 адам қаза болды​ Атырауда

​Атырау-Ақтөбе тас жолындағы жан түршігерлік апат: 9 адам қаза болды​

Бүгін, 4 қазан күні Атырау-Ақтөбе тас жолында, шамамен Жамансор мен Мақат ауылдарының арасында жантүршігерлік көлік апаты болды. Renault Duster пен Geely көліктері соқтығысып, салдарынан екі көлік жүргізушісі мен жолаушылар – барлығы 9 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ өзінің Facebook парақшасында хабарлады. Толықтырылды 4 қазан 2020, 19:41 7 763 просмотра
Атырауда қай көшенің жолдары жөнделіп, салынып жатыр Атырауда

Атырауда қай көшенің жолдары жөнделіп, салынып жатыр

Қаланың автокөлік жолдарын жөндеуге қалалық бюджеттен 13 млрд 650 млн теңге қаражат бөлінді. Қазір жалпы ұзындығы 12,7 шақырымды құрайтын Ғабдиев, Амандосов, Бейбарыс, Маденов көшелерін, Атырау-Индер трассасының 10-шы шақырымына дейінгі жолдарда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 5 қазан 2020, 10:37 2 938 просмотра
Көршісінің итін айырмен шаншып өлтірген Атырауда

Көршісінің итін айырмен шаншып өлтірген

Қала тұрғыны Анатолий ЕРАЧИН «AЖ»-ға жүгінді. Оның айтуынша, көршісі итін айырмен шаншып, айуандықпен өлтірген. Бұл кезде ит өз ауласындағы үйшігінде шынжырлаулы тұрған. Оқиға 29 қыркүйекте Дулатов көшесінің бойында (Маслопром маңында) болыпты. 2 қазан 2020, 15:12 3 756 просмотра