3 қазанда сағат 19:00 шамасында Атырау маңында сол жағалаудан қара түтін көрініп, кейінірек ауада жағымсыз иіс пайда болды. Біз төтенше жағдайлар департаментіне хабарластық. Олар түтіннің Қарабатан жақтан шығып жатқанын айтты, қызметкерлер анықтау үшін сол жерге кетті. Ал NCOC компаниясының баспасөз қызметі сол кеште өндіріс алаңдарында ешқандай төтенше жағдай тіркелмегенін хабарлады.
4 қазанда ТЖД баспасөз қызметі Қайыршақты ауылдық округінде Теңдік станциясынан 30-40 шақырым жерде қамыстың тұтануына байланысты өрт шыққанын хабарлады. Үш өрт сөндіру көлігімен шыққан ТЖД-нің 15 қызметкері қараңғы түсіп, ол жер батпақ болғандықтан жете алмаған.
4 қазан күні таңертең ТЖД-нің 7 қызметкері, «Трэкол» көлігі және мотопомпа қамыс өрті шыққан жерге қарай бет алды. Өрт сағат 10.56-да сөндірілді. «Жанған алаңның аумағы шамамен 500 шаршы метр болды. Өрт болған жерде жабайы жануарлардың қырылғаны тіркелмеді», - деп хабарлады ТЖД.
Айнұр САПАРОВА