3 қазанда сағат 17.30 шамасында «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» тас жолының Қызылқоға ауданы Сағыз округінің тұсымен өтетін жолдың құрылыс жұмыстары жүріп жатқанда қайғылы жағдай орын алды.
Жол тегістеуші машинасының жүргізушісі жұмыс кезінде автокатокпен абайсызда учаске басшысының аяғын басып кеткен. Алған жарақаттан ол ауруханаға жетер жолда қайтыс болған. Қазір оқиға бойынша сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүруде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА