Атырау, 27 сәуір 02:14
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Түркияда лира құлдырағаннан кейін үкімет отставкасы талап етілді

1 272 просмотра

Түрік лирасы құлдырағаннан кейін Ыстамбұл мен Анкарада наразылық шаралары өтті. Шеруге шыққандар үкіметтің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz басылымы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Деректерге сүйенсек, көп адам Туркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған үкіметінің отставкаға кетуін және биліктегі Әділет және даму партиясын кетіруді талап етіп, көшелерге шықты. Полицейлер демонстранттарды тарату үшін шара қолданып жатқаны айтылды.

Айта кетейік, сейсенбі, 23 қарашада түрік лирасының долларға шаққандағы бағамы рекорд көрсеткішке жетті. Түрік валютасы 5 пайызға әлсіреп, АҚШ долларына шаққандағы 11,9990 және еуроға қатысты 13,4035-ке дейін ең төменгі деңгейге жетті.


24 қараша 2021, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.