Атырау, 19 қазан 12:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 425.37
€ 492.66
₽ 5.97

АМӨЗ бағытындағы жол 4 жолақты болды

Сурет
1 349 просмотра

Бүгін 14 қыркүйекте қайта жаңартудан кейін Әуезов көшесінің бойындағы Азаттық даңғылымен қиылыстан бастап «Атырау облыстық Су арнасы» ЖШС кеңсесіне дейінгі жол бөлігі көлік қозғалысы үшін ашылды. Не өзгерді?

Бұл учаскедегі көлік жолы бөлігі айтарлықтай - 9-дан 14 метрге дейін кеңейді, қазір ол жерде 4 жолақ бар. Жолдың бір жағында асфальттан жасалған тротуар, екінші жағында - велосипед жолымен біріктірілген кеспе тастан жасалған тротуар.

Бұдан басқа, мұнда түрлі коммуникацияларды қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жылу жүйесінің ауа компенсаторы жол төсегінің астына көшірілді. Бұған дейін жылытқыш оралған алып құбырлардан тұратын бұл «портал» жол астынан өткізілген еді. Қазір ол жер астына, қорғаныс темірбетон шұңқырға терең жүргізілген. Жолдың енінде жер астына газбен жабдықтау желілеріне арналған қорғаныш болат гильза төселген, жер асты телекоммуникация желілері темірбетон плиталармен қорғалған.

Бұдан басқа, ескі теміржол өткелі қайта жаңартылды - рельстер мен шпалдар ауыстырылды. Теміржол өткелінің маңында ені 19,7 метр болатын арнайы резеңке-темірбетон төсем төселді. Ол автокөліктің көлік жолы мен темір жол деңгейінен кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді.

- АМӨЗ-ге дейінгі учаскедегі жолды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлайды «АтырауИнжСтрой» ЖШС баспасөз қызметі.

Еске салсақ, тамызда қалпына келтіру жұмыстарынан кейін айналма жолдан Жилгородоктың соңғы аялдамасына дейінгі жол ашылды.

Фархат АБИЛОВ

АИС баспасөз қызметі жолдаған суреттер

14 қыркүйек, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.