Атырау, 26 сәуір 16:05
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Күндізгі оқыту: мәжіліс сыртындағы мәселелер

1 510 просмотра

Жаңа оқу жылында балалар өз партасына отыра ма, бұл әлі белгісіз, бірақ білім басқармасы білім берудің дәстүрлі форматына дайындалуда. Ата-аналарға классикалық мектеп формасы мен керек-жарақтарын әзірлеуге кеңес береді.

Жаңа оқу жылы қарсаңында бұл ата-аналар чатында ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі. Егер балалар мектепке баратын болса, кеңсе тауарларын, мектеп формасын, аяқ киімді сатып алу керек. Ең бастысы, логистика мәселесін шешу керек - кім балаларды мектепке апарып, сабақтан кейін алып кетеді. Бұл әсіресе бірінші сынып оқушыларының ата-анасы үшін өзекті.

Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВТІҢ төрағалығымен облыс әкімдігінде өткен мәжілісте де білім беру мекемелерінің жұмысын дәстүрлі форматқа қайтару талқыланды. Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВТІҢ айтуынша, бүгінде елімізде 10898 мұғалім екпе алған. Бұл көрсеткіште Атырау қаласының мұғалімдерінің үлесі көп, аудандарда, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары мен студенттері арасында вакциналау пайызы өте төмен. Атырау облысында 14 мыңнан астам студент бар, оның 3 мыңнан астамы кәмелеттік жасқа толған, яғни, қаласа екпе ала алады.

- Кәмелетке толған студенттер екпе алғаннан кейін ғана университет пен колледждер дәстүрлі білім беру форматына көшеді. Басқа амалымыз жоқ, - деді білім басқармасының басшысы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВА мектептер де мұғалімдер медициналық қарсы көрсетілімі бар, сондай-ақ, коронавирустан сауыққанына 3 ай өтпегендерді қоспағанда, 100% вакцина алған жағдайда ашылатынын атап өтті.

Мәжілістен кейін білім басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА «АЖ» тілшісіне мектепке жөндеу жүргізілгенін, олардың балаларды қабылдауға дайын екенін, бірақ бәрі эпидемиологиялық ахуалдың дамуына байланысты екенін айтты. Егер ол дәстүрлі форматқа оралуға мүмкіндік бермесе – онлайн қалуға тура келеді, шүкір, тәжірибеміз бар.

 

ДИРЕКТОРЛАР ЕКІ ОТТЫҢ ОРТАСЫНДА ҚАЛДЫ

Өкінішке орай, кейбір елеулі практикалық жайттар осындай ресми шаралардан тысқары қалады. Мысалы, Атыраудағы бір мектептің директоры «АЖ» тілшісіне:

- Біз екі оттың ортасында қалдық. Мұғалімдер екпе алғысы келмейді, бірдеңе болса, әлеуметтік желіде шағымданамын деп қорқытады. Олар созылмалы ауруымыз бар дейді, бірақ дәрігерден ресми анықтама алып келуге асықпайды. Денсаулығымыз нашар деп шағымданады, ал еңбекке жарамсыздық демалысына шығыдан бас тартады. Әрине, олар үшін онлайн режимінде жұмыс істеу әлдеқайда қолайлы болды, өйткені мұндай жағдайда оқытуға қатысты негізгі күш ата-анаға түскені түсінікті. Ал білім беру бөлімі бізден вакцина алушылар санын көбейтуді, дұрысында оны 100%-ға жеткізуді талап етеді. Ата-аналар да мұғалімдердің вакцина алмағанына наразы, олар да балаларын қорғағысы келеді ғой, - деді.

Мектеп директорының онлайн форматында білім беру туралы пікірін қалалық ауруханалардың бірінің бас медбикесі қолдайды: ол бұл формат мектеп оқушыларының ата-анасы жұмыс істейтін басқа да көптеген салалардың жұмысын баяулатады деп санайды:

- Жыл бойы аурухананың ішінде медбике мен санитаркалардың соңынан жүгірумен болдым. Өйткені олар оңашаланып алып, онлайн оқитын балаларымен бірге мектеп тапсырмасын орындап отыратын. Бақылау жұмысы кезінде аналары тапсырманың жауабын іздеп, балаларына жіберіп, сабақтан кейін телефон арқылы үй тапсырмасын тексеретін. Ал бұл кезде олардың жұмысы тоқтап, науқастар күтіп қалады. Менің немерелерім төменгі сынып оқушылары, олар дәстүрлі форматта оқыды, мен балалардың бәрінің мектепке барғанын қолдаймын.

Онлайн арқылы алынған білім сапасы дәстүрлі форматтан әлдеқайда төмен екенін бәрі де түсінді. Балалардың бәрі бірдей емес; мұғалімдердің айтуынша, үздік және екпінді оқушылар бұрынғы білім деңгейінен «түсіп кеткен».

 

БЕЙШАРА МҰҒАЛІМ ЕНДІ КІМГЕ ЖҮГІНЕДІ?

 «АЖ»-ға «коронаға» қарсы вакциналауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі туралы ресми анықтамасы бар ұстаздар тобы жүгінді. Әкімшілік оларды өз есебінен ПТР сынаманы үнемі тапсырып тұруға міндеттейді. Бұл заңды ма, біз вакциналаудан еріккеннен бас тартып отырған жоқпыз ғой? - дейді мұғалімдер қынжылыспен.

- Бізге осы мәселемен түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардан жиі жүгінеді. ҚР бас мемлекеттік дәрігерінің қаулысына сәйкес, екпе алмаған қызметкерлер жүйелі түрде сынама тапсыруы тиіс, ал оның ақысы тараптардың келісімі бойынша төленеді, - дейді Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы бөлімінің басшысы Кемел ИМАНҒАЛИЕВ. - Бұл жағдайда әңгіме бүкіл ұжымның қауіпсіздігі туралы болып отыр, жұмыс берушінің вакцина алмаған қызметкерін ПТР нәтижесі болмаса жұмысқа кіргізбеуге құқылы. Жұмыс берушілердің әрекеті еңбек заңнамасын бұзбайды.

Формалды тұрғыда еңбек инспекторының айтуы дұрыс, бірақ мұғалімдердің өздеріне төлеуге тура келетінін бәрі де жақсы түсінеді деп ойлаймын.

... Менің байқауымша, ата-ананың көпшілігі күндізгі білім алуды қолдайды, дегенмен онда да қиындықтар бар. Әр сыныпта 25 оқушыдан артық болмауы керек, ал соңғы жылдары төменгі сыныптарда мұндай стандартты сақтау оңай емес; Атырауда 11 мектеп 3 ауысымда жұмыс істеуге мәжбүр, бұл оқушылар лық толы №3, 16, 30, 17 мектептер және т.б. Ал жеке мектептер дәстүрлі форматта жұмыс істейміз деп уәде бере отырып, «клиенттер» тартуда. Бірақ баласын жеке мектепке беруге бәрінің бірдей мүмкіндігі жоқ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

11 тамыз 2021, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.