Атырау, 26 сәуір 15:01
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Нәрестенің өлімі туралы іс: өтініштер берілді

1 787 просмотра

19 шілдеде облыстық перинаталды орталықтың сотталған дәрігерлерінің ісі бойынша апелляциялық процесс жалғасты.

Облыстық құрамында Сандуғаш СҮЛЕЙМЕНОВА, Дина ТҰХФАТОВА және төраға Тәтті УӘЛИЕВА бар соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы, сотталған дәрігерлер мен олардың адвокаттарының өтінішін қарауды жалғастырды. Бұл жолы залда тек судьялар болды, басқалары, соның ішінде тергеу изоляторының сотталған дәрігерлері отырысқа ZOOM бейнебайланысы арқылы қатысты.

Прокурор Лаура САМАТОВА қылмыстық іс материалдарына Атырау облысының прокуроры Халидулла ДӘУЕШОВ қол қойған міндеттерді бөлу туралы 2019 жылғы 27 қыркүйектегі №17 бұйрықтан, соның ішінде, облыс прокурорының орынбасары Абзал ҒИЛЫМНЫҢ тергеуді қадағалауы туралы үзінді көшірмені біріктіруді өтінді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті бастығының м.а. Бауыржан ҰЗЫНЖАСТЫҢ хаты негізінде прокурордың орынбасары Абзал Ғилым іс бойынша тергеуде болуды ұйғару туралы қаулы шығарды.

Прокурор бұған дейін қорғаушы тараптың барлық кейінгі процессуалдық шешімдер мен тергеу амалдарын заңсыз деп тану туралы өтініш жасағанын атап өтті.

- Сотталушылар мен адвокаттардың пікірінше, облыс прокурорының орынбасары Ғилым қаулы шығару барысында тергеу мәселесін қадағаламады. Осыған байланысты, қорғаушының дәлелдерін жоққа шығару үшін айыптаушы тарап бұйрықтан үзінді көшірмені  іске біріктіруді сұрайды, - деді прокурор.

Сотталушылардың бүкіл адвокаты прокурордың өтінішін соттың қарауына қалдырды. Ал Қуаныш НЫСАНБАЕВ бұйрықтың толық мәтінін сұрады.

Прокурор сонымен қатар сотталушылар мен олардың адвокаттарының бұрын жарияланған осы және басқа да өтініштерін қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады. Ол өтініштердің бірінші сатыдағы сотта қаралғанын және оларға құқықтық баға берілгенін алға тартты.

Атап айтқанда, қорғаушы тараптардың сәбилердің мәйіттерін ауыстыру нұсқасына, сондай-ақ сәби мәйітінің шашының ұзындығына қатысты сұрағына прокурор мәйіттер ауыстырылған жоқ деп жауап берді.

- Аймұратованың бұл іске қатысы жоқ, оның үстіне ол ұл босанды. Алдыңғы сот бүкіл дәлелді зерттеп, заңды баға берді, - деді прокурор.

Бірақ адвокаттар тағы да өздерінің, атап айтқанда, зерттеу нысандарының нөмірленуі сәйкес келмейтіні туралы дәлелдерін мәлімдеді.

Содан кейін Нысанбаев аудиодискілердің қайта жазылу хаттамасын жарамсыз дәлел ретінде жариялауды өтінді. Ал Асқар ҚАЙЫРЖАН филологиялық және фоноскопиялық сараптама нәтижелерін дәлел ретінде жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушілерінің әрекеттерін заңсыз деп тану туралы өтініш жасады.

Прокурор бұл өтініштерді қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

Процесс 2 тамызда жалғасады.

Айнұр САПАРОВА

20 шілде 2021, 19:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.