Атырау, 26 сәуір 15:03
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Индер ауданындағы жер телімдеріне су, газ, электр желісі тартылып жатыр

4 248 просмотра

Бүгінде Индер ауданы бойынша жеке үй салу үшін жер телімін алуға өтініш берген 4825 адам кезекте тұр. Оның ішінде 2005 жылдан бастап аудан орталығында 3944 адам, Жарсуат ауылдық округінде – 125 (2018 ж. б.), Бөденеде – 174 (2016 ж. б.), Көктоғайда – 55 (2019 ж. б.), Өрлікте – 3 (2021 ж. б.), Есболда – 161 (2016 ж. б.), Елтайда – 263 адам (2013 ж. б.) арыз берген.

Былтыр Елтай, Аққала, Көктоғай, Есбол, Бөдене, Өрлік және Жарсуат ауылдарында үй салуға бөлінген жерлерде газ бен су жүргізілді. Қазір осы ауылдардың ішіндегі алғашқы төртеуінде электр желісі тартылып жатыр. Бұл жұмыс тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр, сосын жер телімі беріле бастайды. Ал Бөдене, Өрлік, Жарсуат ауылдарына электр желісінің жобасы сараптамадан өтіп, бюджеттен қаржы бөлу үшін сұраныс берілді.

Индербор кентінен жерге өтініш бергендер үшін Аққала ауылының 903 учаскесіне биыл мамырда су жүйесінің құрылысы басталды. Мердігер мекеме – «Байсын-А» ЖШС. Газ және электр желісінің жобасы жасақталып, бюджеттік өтініш берілді.

Дайындаған Ляззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет аудан әкімдігінен алынды

10 маусым 2021, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.