Атырау, 27 сәуір 05:25
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырауда халықаралық іздеуде жүрген шетелдіктер ұсталды

1 021 просмотра

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады ПД бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВКЕ сілтеме жасап.

Қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып жүрген шетел азаматтары «Іздестіру» бірлескен операциясы аясында ұсталды. Олардың бірі Өзбекстанның 38 жастағы азаматы Ресей Федерациясы Қылмыстық Кодексінің 160-бабының 4 бөлімімен («Аса ірі көлемде сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену») негізделген  қылмыстық құқықбұзушылық жасап, іздеуде жүрген.  Екіншісі – 36 жастағы Өзбекстан азаматы, Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 165-бабы 2-бөлімімен («Бопсалау») көзделген қылмыстық әрекет жасап, іздеуде жүрген қылмыскер.

- Ұсталғандар туралы ақпарат ҚР Ішкі істер министрлігіне және іздеу жариялаған шетелдік әріптестерге жолданды, - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Жалпы жыл басынан қылмыстық жауапкершіліктен жалтарған 16 тұлға ұсталып, бұған дейін жасалған 7 қылмыс ашылды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

7 сәуір 2021, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.