Атырау, 26 сәуір 10:45
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қазақстандықтар мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйді бір рет қана ала алады

2 156 просмотра

2021 жылы 17 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады

Тұрғын үй алу үшін мемлекеттік бағдарламаларға екі рет қатысуға енді жол берілмейді, деп хабарлады Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

«Кезектілік мәселесін шешу үшін мемлекет басшысы бұған дейін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ негізінде толыққанды даму және қолдау институтын – жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарды бере отырып, «Отбасы банк» құруды тапсырды», — деп еске салды Бейбіт Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, «Отбасы банкі» базасында «тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» құрылады. Ол тұрғын үйге мұқтаждардың барлығын есепке алуды, сондай-ақ тұрғын үйге қолжетімділік сатысына сәйкес тұрғын үйді қою күні бойынша бөлуді орталықтандырылған түрде жүзеге асырады.

«Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен біріктірілетін болады. Базаға қайта енгізуге жол берілмейді, азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға тек бір рет қана қатыса алады», — деп нақтылады министр.

Сондай-ақ, министр 2021 жылы 17 миллион шаршы метр тұрғын үй салынатынын айтты.

«Биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, бұл - 163 мың тұрғын үй. Оның ішінде 6,5 млн шаршы метр жеке тұрғын үй және 10,5 млн шаршы метр көппәтерлі тұрғын үй», - деп хабарлады ИИДМ басшысы Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысына инвестициялар 2019 жылмен салыстырғанда 33,6% - ға өсіп, 2 трлн теңгені құрады.

2020 жылы республика бойынша 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. 38,4 мың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Дереккөз:azattyq-ruhy.kz


23 ақпан 2021, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.