Атырау, 27 сәуір 01:49
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Зауыттан бұрын «химиялық» көл пайда болды

2 462 просмотра

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (ЭРБК) Атырау облысында химия зауыты өрескел экологиялық заң бұзушылықпен салынып жатыр және кінәлілер жауапқа тартылды, деп хабарлады.

2 желтоқсанда эко-белсенді Арман ХАЙРУЛЛИН шағын көлді бейнежазбаға түсірді. Роликте ол мұнайхимия кешенінің құрылыс алаңының жанындағы Атырау-Доссор трассасының маңында құрылыс алаңында құбырдан су ағып жатқан су қоймасы пайда болғанын әңгімелейді. Күннің суығына қарамастан, су қатпайды екен.

А.Хайруллиннің айтуынша, ол ролигін Атырау облыстық экология департаментіне жолдаған. Департамент өз кезегінде «Индустриалды мұнайхимия технопаркі» АЭА (арнайы экономикалық аймағы) аумағында (Атыраудан 40 шақырым жерде)  жоспардан тыс тексеру жүргізген.

ЭРБК жауабына сүйенсек, тексеру барысында зауыт салумен айналысатын кәсіпорындардың - «Bazis Construction» ЖШС және «Karabatan Utility Solutions» ЖШС жұмысында заң бұзушылықтар анықталған.

«Bazis Construction» ЖШС - «Базис-А» компаниялар тобының құрылыс бөлімшесі, ал «Karabatan Utility Solutions» ЖШС АЭА аумағында газ турбиналық электр станциясын салу жобасының операторы екені атап өтілді. 

Мынадай заң бұзушылықтар анықталды:

- салынып жатқан химия зауыты ауданындағы жер бедеріне рұқсат құжаттарынсыз 1600 текше метр көлемінде сарқынды сулар жіберілген;

- талдау нәтижесі сарқынды сулардың құрамында нитрит, нитрат, жалпы темір, аммоний азоты, сульфат, хлорид секілді зиянды заттардың болғанын көрсетті;

- су дайындау және сарқынды суларды тазарту қондырғысының құрылысы аяқталмаған, бұл сарқынды суларды жер бедеріне ағызуға әкелді. Ал ЖШС жобалық шешімімен сарқынды суларды қайта пайдалану қарастырылған.

- «Karabatan Utility Solutions» ЖШС жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде Департаменттің лауазымды тұлғаларына қажетті ақпараттарды ұсынбау түрінде кедергі жасаған. 

«Bazis Construction» ЖШС-нен ҚР ӘҚБтК 328-бабы (Экологиялық рұқсатта белгiленген, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауы) бойынша 879 мың теңгеден астам сома көлемінде айыппұл және 585 мың теңгеден астам сома көлемінде қоршаған ортаға тигізілген залал өндіріп алынды. «Karabatan Utility Solutions» ЖШС тексеруге кедергі келтіргені үшін ҚР ӘҚБтК 462-бабы (Мемлекеттік бақылау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бірақ қазір бұл іс сот тәртібімен қаралуда. Атырау қаласының әкімшілік сотында алғашқы отырыс 12 қаңтарда өтті.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

15 қаңтар 2021, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.