Атырау, 27 сәуір 02:26
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Ембімұнайгаз» АҚ ерекше балаларға сыйлықтар алуға және медицина саласы қызметкерлеріне материалдық көмекке 130 миллион теңге бөлді

PR
4 842 просмотра

Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған 247 бала ембіліктердің өз еріктерімен жинаған қаражатынан жаңажылдық сыйлықтар алынды.

- Жүз жылға жуық тарихы бар Ембі Атырау облысының дамуына үлкен үлес қосып, волонтерлық бастамамен қоғамның әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетіп келеді.  Жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында ерекше баларды қуанту бағытында игі дәстүр қалыптасты. Биылғы жылы компания Атырау облыстық әкімдігіне 7300 мүмкіндігі шектеулі балаға сыйлықтар алу үшін 70 миллион теңге бөлді. Сонымен қатар, 274 медициналық қызметкерге, соның ішінде, қайтыс болған дәрігерлердің 4 отбасына көмек ретінде қосымша 60 миллион теңге бөлінді. Және ұжым мүшелерінің өз еріктерімен жинаған 1,1 миллион теңгеге мамандандырылған балалар үйінің, «Шаңырақ» облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінің, Атырау балаларды оңалту орталығының, Психологиялық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған  Бөбекжай-бақшасының, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-ның балаларына жаңажылдық сыйлықтар алынып, таратылды. Қиын экономикалық жағдайға және бюджетті оңтайландыру бойынша қабылданған шараларға қарамастан, ерекше балалардың көңілінен шығу және адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін ерлікпен күрескен медицина қызметкерлерін қолдау туралы шешім қабылданды. Біз олардың ерліктерінің алдында басымызды иеміз, - деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Есен ҚАЙЫРЖАН.

Айта кетейік, ЕМГ пандемиямен күресте әлеуметтік көмек ретінде 500 миллион теңгеден астам қаражат аударды. Бұл қаражат дәрі-дәрмек алу үшін «Birgemiz-Atyrau» Қоғамдық қорына, Атырау облыстық ауруханасына өкпені жасанды желдетуге арналған оттегі концентраторларын алуға, оперблоктарды,  реанимацияларды,   провизорлық бөлімшелерді медициналық газбен қамтамасыз ету  үшін  жұмсалды. Жылыой аудандық аурухананы, Атырау қаласы Береке мөлтек ауданындағы карантиндік стационарларды тұрмыстық техникамен, гигиеналық қажеттіліктермен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, Исатай,Мақат,Жылыой және Қызылқоға аудандық ауруханаларда блок-бекеттерді, дезинфекциялық жұмыстарды ұйымдастыруға, әлеуметтік жағынан аз қамтылан тұрғындарға қайырымдылық қолдау көрсетті.

Ембіліктер волонтерлік бастамамен карантиндік оқшаулауға алынған медицина мамандары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қолдау үшін 1 миллионнан астам теңге қаражат жинады. Оған қосымша, «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» МГӨ басқармаларындағы «Nur Otan» бастауыш партия ұйымдарының бастамасымен мұнайшылар Исатай, Қызылқоға аудандарындағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық шараларын жасады.

30 желтоқсан 2020, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған