Атырау, 27 сәуір 04:59
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ауғанстанда тәлібтер митингке шыққан адамдарды барымталады

2 081 просмотра


Ауғанстанның Фарах провинциясында "Тәлибан" тобы  бейбітшілік үшін шеруге шыққан РРМ-нің 27 белсендісін барымталап алып кеткен. Бұл жөнінде жергілікті билік өкілдерімен мен белсенділер мәлімдеді деп жазды trtworld.com. 

Фарах губернаторының орынбасары Масудтың айтуынша Гераттан Фарах провинциясына қарай алты көлікпен бет алған белсенділерді жолда тәлібтер тоқтатып, белгісіз бағытқа қарай алып кеткенін, Полиция олардың қайда екенін анықтап жатқанын мәлімдеді.  

"Тәлибан" қозғалысы бұл оқиға жөнінде түсініктеме бермегенімен бұл топты да Кабул үкіметі қаржыландырады деп айып келген. Былтырдан бері белсенділер елдің әр өңіріне барып Тәлібтер мен үкіметті соғысты тоқтатып бейбітшілікті сақтауды үндеп Тәлібтердің қарауындағы аймақтарғада барып жүрген. Бейбітшілік үшін халықтық қозғалысы Гильмендтегі стадионда жарылыс болғаннан кейін құрылды. Жарылыстан 17 адам қаза тауып, 50-ден астамы жараланған. Сондай-ақ, 2001 жылдан бері бұл елде он мыңдаған жергілікті тұрғындар, АҚШЖтың қауіпсіздік күштеріның 2400 қызметкері қаза тапқан. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

26 желтоқсан 2019, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.