Атырау, 14 желтоқсан 05:06
Таңертең ашық-2, күндіз -1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 384.63  € 427.98  P 6.08

​Әскери бөлімшедегі қырғын: тағы бір адам қайтыс болды

9 қараша 09:27


Ресейдегі әскери бөлімшеде болған қанды қырғын кезінде зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды РЕН ТВ

Сарбаз ауруханада көз жұмған. Телеарна мәліметінше, бұған дейін ол ауыр халде жатқан.  Еске салайық, 25 қазанда кешкі 18:00 шамасында Горный солдат ауылындағы №54160 әскери бөлімшесінде борышын өтеуші Рамиль Шамсутдинов жедел әрекет ету бөлімшесі жеке құрамының мүшелерін атып тастады. Шамсутдинов әскерилерге оқ жаудырып, салдарынан сегіз адам көз жұмып, тағы екеуі жараланған. 28 қазанда Чита әскери соты Шамсутдиновты екі ай абақтыға қамады.

Оған қатысты "Екi немесе одан көп адамды өлтіру" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 8 адамды атып өлтірді деген сарбазға қатысты атышулы іс қалай өрбіп жатыр? 

Ресей Қорғаныс министрлігі күдіктіге қатысты зорлық әрекеттері жасалмағанын алға тартқан. Олардың пайымынша, Шамсутдиновтың қолға қару алуына күзет офицерімен болған "тұлғааралық қақтығыс" және "психологиялық үйлеспеу" себеп болған. 

Сонымен қатар, қанды оқиғаға қарауыл қызметі барысында "психикалық стресс" те әсер еткені айтылады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1028 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4