Атырау, 27 сәуір 07:06
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​26 адам ұсталды - ІІМ рұқсат етілмеген митингілер туралы

2 451 просмотра


Ішкі істер министрлігі 26 қазанда Нұр-Сұлтан мен Алматыда рұқсат етілмеген митинг өткізу әрекеті туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Бас прокуратураның митингілердің заңсыздығы туралы бірнеше рет айтқан ескертулеріне қарамастан, кей адамдар заңды талаптарды орындаудан бас тартты. 

"Қазіргі таңда полицияға жағдайды анықтау және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін 26 адам жеткізілді. ІІМ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында азаматтарды арандатушыларға ермеуге және экстремистік ұйымдардың заңсыз акцияларына қатысудан бас тартуға шақырады", - деп мәлімдеді министрліктегілер. 

Мұның алдында прокуратура 26 қазанда заңсыз митингіге шыққандарға қатаң шара қолданылатынын ескерткен. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

26 қазан 2019, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.